11.5.3. Арпаның физиологиялық epeкшеліктері
Арпа қосмополит өсімдік – Жер шарының барлық, бөліктерінде
өседі. Ыстыққа да, суыққа да төзімді. Бидай мен қара бидай өспейтін
4500 м биіктеде де, солтүстікте де өсе береді. Ол өте тез, 70-85 күнде
піседі. Сондықтан жазы қысқа солтүстікте, биік тауларда, жазы ыстық
жəне құрғақ аудандарда да өсе алады. Бұл аудандарда құрғақшылық
басталғанша өсіп, жетіліп, пiciп үлгереді. Міне, осы жағдай орақты 10-
15 күн ерте бастауға мүмкіншілік береді. Осы қасиеттерінің арқасында
арпа көбінесе, үлкен қалалардың айналасында сыра жасау мақсатымен,
солтүстікте жəне оңтүстікте ауа райының ерекшеліктеріне қарай көп
тараған.
Күздік арпа тек қысы жылы Прибалтикада, Кырымда, Орта Азияда
ғана өсе алады. Ол күзгі жəне ерте көктемдегі ылғалды түгел пайдала-
нып тез өседі, жаздық арпадан да ерте піседі. Соның арқасында көп егін
бере алады. Keйінгі кезде жарма жəне кофе алу үшін кабығы жоқ арпа
өсіpiп жүр. Оның да келешегі мол.
Достарыңызбен бөлісу: |