11.3.1. Қара бидайдың ботаникалық ерекшеліктері Қара бидай дəнді дақылдар тұқымдастығына, Secale тегінe жатады.
Бұл текке 14 түр кіреді, оның бірeyi ғана қара бидай (secale cereale)
мəдени өсімдік, басқаларының бəpi жабайы немесе арамшөп ретінде
қара бидаймен араласып өседі. Ауыл шаруашылығында қара бидайдың
бір ғана (S. С. Vulyare) кəдімгі қара бидай деп аталатын түpi тараған.
Қара бидай шаршы тозаңданып өсетін өсімдік. Əр масақта екітүpлi
аналық жəне аталық ұрықтар пайда болады. Бip гүлде ұзын аналық
гүл аузы бар болса, аталық ұрығы қысқа болады, ал екінші
өсімдікте
керісінше, аталық ұрығы ұзын да, аналық ұрығы қысқа болады.
Өсімдік тозаңданған кезде ұзын аналық ұрықтар тек ұзын аталықтың
тозаңымен, қысқа аналық ұрық тек қысқа аталықтың тозаңымен ғана
ұрықтана алады. Сондықтан тек шаршы тозаңдану жүреді. Егер далада
бір ғана өсімдік болса, ол тозаңдана алмай, дəн байламайды.
Табиғи жағдайда көпжылдық Куприянов қара бидайы, Арменияда
Вавилов қара бидайы кездеседі.
Қара бидай күздік жəне жаздық формаларда егіледі. Жаздық түрi аз
тараған. Ол тек күздік қара бидай үciп кететін Бурятияда, Чита, Иркут
облыстары мен Якутияда ғана өседі. Осы жерлерде ол 50-70 күн ішінде
пiciп жетіліп егін бере алады.