189
агротехникалық шаралардың да тигізетін əcepi көп. Мысалы,
Ресей ұн
тарту жəне нан пісірy зертханасының мəліметіне қарасақ, Қазақстан
бидайында орташа 16,6 пайыз ақуыз, 70 пайыздық ұнда 37,9 пайыз
сағыз болады екен.
11.1.5. Бидайдың сорттары
Қазақстандағы ауылшаруашылығы өндірісі ғылымының дамуы
«Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы
ғылыми зерттеу инс-
титутымен» тығыз байланысты. Бұл орталықтың негізгі мақсаты
– ауылшаруашылық тауар өндірушілерді əртүрлі дақылдардың
бəсекелестікке тұрақты жаңа сорттары мен гибридтерді қамтамасыз
ету. Аталған орталықпен ауылшаруашылық дақылдарының 500-ден
астам сорттары мен гибридтері шығарылған. Қазіргі кезде Қазақстанда
əртүрлі дақылдардың 135 сорты, соның ішінде: жаздық бидайдың 23
сорты, күздік бидай мен тритикаленің 24 сорты қолданысқа рұқсат
алынған. Осы ұжымның зерттеулер нəтижесінде
алынған бидайдың
жаңа сорттарына «Алмалы», «Арай», «Ажарлы», «Қожа», «Егемен-20»,
«Азиада» сорттарын жатқызуға болады.
Қазақстандағы астық өндірісі бойынша үлкен ғылыми жетістіктерге
ие болып жүрген орталықтың бірі – Шортанды ауылында орналасқан
А. И. Бараев атындағы «Қазақ астық шаруашылығы ғылыми зерттеу
институты». Бұл институттың мақсаты – астық өндірісінің дамуын
жаңа мүмкіншіліктермен қамтамасыз ету. Институттың селекциялық
орталығы ғалымдарымен жаздық жұмсақ бидайдың 74 сорты,
жаздық қатты бидайдың 15 сорты, күздік жұмсақ бидайдың 3
сорты
шығарылған.Оларға: «Астана», «Шортандылық 95», «Қарағандылық
22», «Ертіс 97», «Целина 50», «Астана 2», «Бəйтерек», «Асыл сапа»
тағы басқалар кіреді.
2013 жылы Батыс Қазақстанда бидайдың жаздық бидай – «Альби-
дум-31», «Саратовская-70»; күздік бидай – «Жемчужина Поволжья»
сияқты жаңа сорттары сынақтан өткізіледі. Бұл бидай сорттарының
қуаңшылық жағдайда түсімі жоғары екендігі байқалды.
Қарағанды облысында қуаңшылыққа тұрақты жаңа бидай сорты «Це-
лина-50» сынақтан өтіп, түсімі əрбір гектардан 24,4 центнерге жеткен.
Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
ғалымдары жүргізген селекциялық жұмыстардың нəтижесінде
бидайдың жаңа сорттары табылған. Атап айтқанда, жаңа сорт
Павлодарлық 8 (2008 ж.): Қазақстан мен Ресейдің 14
экологиялық
190
пунктінде сынақтан өтіп, оның орташа түсімі 28,1 ц-ге жеткен. Бұл
сорт жоғары түсімділіктегі бидай сорттарының бірінші ондығына
кіріп, 8-ші орынға ие болған. Сонымен қатар осы ғылыми ұжыммен
бидайдың: сорт Бекзат (2010 ж.), Ертiс 7 (2010 ж.) сияқты жаңа сорт-
тары ұсынылды. Аталған ғылыми ұжым Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрлігі жанындағы «Өсімдіктер
биологиясы
жəне биотехнологиясы институтының» ғалымдарымен біріге отырып,
жаздық жұмсақ бидайдың «Шығыс», «Золотистая», «Северянка 2»,
«Северянка» сорттарын ұсынды.
Қостанай облысындағы Қарабалық ауылшаруашылық сынақ
станциясының ұжымымен Солтүстік аудандарда қолдануға ұсынылған
жаздық қатты бидайдың: Костанайлық 52, Алтын Дала, Костанайлық
12 СИД-88 сияқты сорттарын атап өту қажет.
Қазақстандағы қатты би-
дай егістіктерінің негізгі алқабына осы сорттар егіледі.
Ақтөбе ауылшаруашылық сынақ станциясының ұжымымен 20-дан
астам дəнді жəне жармада қылдарының элиталық сорттары шығарыл-
ған. Олардың ең күштілері Ұлттық гендік қорға берілген. Солардың
ішінде өздерінің жоғары сапа көрсеткіштерімен ерекшеленген сорттар-
ды атап өтсек, олар: жаздық жұмсақ бидайлар «Ақтөбе – 39», «Степная
– 2», «Степная – 50», жаздық қатты бидай – Қарғала 9.
Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық ҒЗИ ғалымдарымен де жаздық
бидайдың: «Ульбинка 25», «Алтай», «Самал», «Авангард»
сияқты сорт-
тары шығарылғын:
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы
мининстрінің 2009 жылдың 30 шілдесіндегі №434-бұйрығына сəйкес
селекциялық жетістіктер мемлекеттік реестрге енгізіліп, бидайдың:
– жұмсақ күздік бидай – Алатау (2012), Жемчужина поволжья (2011),
Карабалықтық күздік (2010), Кондитерлік (2011), Қарасай (2009), Ме-
реке 70 (2011), Расад (2011), Фараби (2011) жəне тағы басқа;
– қатты күздік бидай – Аргонавт (2012), Нектария (2011), Скарпия
(2012), Тлек (2010), Саратовтық 7 (2011)жəне тағы басқа;
– жаздық жұмсақ бидай – Алмакен (2011), Ляззат (2011),
Наргиз
(2011), Самғау (2012), Саратовтық 70 (2010) жəне тағы басқа;
– қатты жаздық бидай – Алтын дала (2010), Корона (2010), Крага-
ла 69 (2012), Лан (2010) жəне тағы басқа сорттары қолданысқа рұқсат
етілген (соңғы бес жылдағы сорттары).
Бұл сорттардың толық сипаттамасымен тұқым шаруашылығы серия-
лы ғылыми-зерттеу əдебиеттерінде танысқан жөн.
Бидайдың стандарттары
9-тарауда
келтірілген.