210
олар: КазНИИ Р – 5, КазНИИ Р – 6, КазНИИ Р – 7. Бұл сорттар отандық,
ресейлік жəне қытайлық күріш сорттарын зерттеп, селекциялау
нəтижесінде «Ақмаржан», «Арал» и «Ару» сорттарынан кейін алынған.
Олар Қызылорда облысының бірнеше аудандарында сынақтан өтуде.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі жанындағы
«Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институтының»
ғалымдарымен «Мəдина» и «Бақанас» атты жаңа күріш сорттары
шығарылды. Олардың өнімділіктері Қызылорда жəне Алматы облыста-
рында бір деңгейде болды.
«Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс-
титуты» ЖШС ғалымдары күріштің келесі жаңа сорттарын кеңінен
қолдануды ұсынды. Күріштің жаңа сорты «Опытное» 2006 жылдан
бастап, ал «Пак-Ли» сорты 2004 жылдан қолданыс таба білді. Бұл
сорттардың түсімі əрбір гектардан 60-80 ц құрайды жəне олардан алы-
натын жарманың шығымы 69-70%-ға жетеді.
Соңғы жылдары егістікке ұсынылған жаңа сорттарға: Анаит (2012),
Лидер (2010), Новатор (2010), Фишт (2012), Янтарь (2009), Тогускен-1
(2009) жəне тағы басқаларды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: