212
тозаңданады. Бір өсімдікте аналық аузы ұзын,
аталық ұрығы қысқа,
ал екінші өсімдікте керісінше, болады. Ұзын
аналық ұрықтар тек ұзын
аталық ұрықтардың тозаңымен, қысқа
аналық ұрықтар қысқа аталық
ұрықтардың тозаңымен тозаңдана алады. Сондықтан олар ара тағы
басқа жəндіктермен немесе жел арқылы айқас тозаңданады.
Көптеген қарақұмықтар тегіне жататын өсімдіктердің
тек біреуі ғана
мəдени қарақұмық (Fagopyrum esculentum) мəдени түрге жатады. Бұл
егістіктің ішінде, арамшөп ретінде татар қарақұмығы кездеседі.
Мəдени қарақұмықтың ұрығы ірі, ал
татар қарақұмығының ұрығы
ұсақ, қара немесе қоңыр түсті, дəмі ащы келеді. Оны тазалау өте
қиын. Астық қоспаларындағы татар
қарақұмығы жарма жасағанда
анықталмайды. Сондықтан жарманың ішінде көп кездеседі де, оның
тауарлық сапасын төмендетеді.
Мəдени қарақұмық екі кіші түрге бөлінеді: 1. Кəдімгі қарақұмық –
биік (25-100 см),
сабағы жіңішке, жапырағы ұсақ (2-6 мм) өсімдік; 2.
Көпжылдық қарқұмық – Примор жəне Амур өлкелерінде ғана өседі.
Биік (2 м-ге жетеді) өсімдік, жуан қызыл сабақты (10 мм), жапырақтары
ірі болады. Қазақстанда өспейді.
Достарыңызбен бөлісу: