Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет157/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.10. Тары (Panicum)
11.10.1. Жалпы сипаттамасы
Тарыдан ақталған тары (сөк), сақ, аздап ұн алады. Сыра жəне спирт 
алуда да қолданылады. Қазақстанда тары деп аталатын ұлттық жарма 
жасалады. Оны шикідей қайнатып, қуырып, қаралап, содан кейін барып 
ақтайды. Ол өте жұғымды, тəтті тағам.
Тарыны мал азығы деп пайдаланады. Құсқа, ұнтақталған күйінде 
шошқаға жем ретінде қолданылады. Тарының өзін жəне жарма алғанда 
түсетін ұнын құрама жем жасауда пайдаланады. Сабаны да малға жақсы 
азық болады. Егер көктей орып берсе, онда екі рет орып жинауға келеді.
Тары өсімдігі жылылықты жақсы көреді, құрғақшылыққа өте төзімді. 


214
Сондықтан құрғақшылық аудандарда жəне үсіп кеткен дəнді егістердің 
орнына себуге өте қолайлы. Сондықтан Қазақстанның батыс, солтүстік 
жəне орталық облыстарында көп егіледі. ТМД тары егістігінің көлемі 
мен жалпы түсімі бойынша дүниежүзі бойынша бірінші орын ала-
ды. Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында көп 
көлемде өсіріледі. Ақтөбе облысының атақты тарышысы Шығанақ Бер-
сиев соғыс жылдары тарының бір гектарынан 100 центнерден артық 
түсім алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет