220
Бұршақты ылғалдылығына қарай 4 топқа бөледі: 1. Құрғақ дəн
ылғалдылығы 14 пайызға дейін; 2. Орташа құрғақтық 14-16 па-
йыз; дымқыл дəн 16-18: су дəн 18 пайыздан жоғары болса. Бұршақ
ылғалдылықтың жоғарылауына төзімсіз, аздап қана ылғалдылығы
өссе болды, түсі де өзгеріп, өніп те кетеді. Бұл топтар бұршақ, үрме
бұршақ үшін аздап басқалай: 1. Топқа ылғалдығы 16 пайызға дейін бол-
са; 2. Топқа 16-18; 3. Топқа 18-20; 4. Топқа 20 пайыздан жоғары болса
жатқызады. Олардың ақуызының суы өздеріне тарту үшін үлкенірек,
ал соя мен жер жаңғақта бұл топтар əлдеқайда төмен. Мұның мəнісі
оқулықтың бастапқы тарауларында берілген.
Бұршақты көп жəндіктер зақымдайды. Олардың ішінде əсіресе,
бұршақ, үрме бұршақ, жасымық құрттары, дəн дейтін құрт-плодожорка,
т.б. көп кездеседі. Олар көбінесе, дəннің ішінде ұрық бөліктерін жеп бо-
лып, балапан құрттары сонда қыстап қалады. Ол дəн улы болады, бірақ
оларды анықтап бөліп алу өте оңай. Дəнді суға салсақ, олар қалқып
судың бетіне шығады. Міне, осы əдіспен, оны пайдаланар алдында
тазалауға əбден болады.
Бұршақты өңдеу үшін оның ірілігі мен беріктілігі көп əсер етеді.
Бұршақ ірі жəне біркелкі болса, жарманың шығымы мен сапасы жоғары
болады. Сондықтан оларды өңдеу алдында сорттайды. Сорттаудың
тəсілдері оларға жасалған стандарттарда берілген.
Достарыңызбен бөлісу: