«Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғалымдары асбұршақтың бірнеше сорттарын
ұсынды, оларға: жаңа сорт «Шал» жатады. Бұл сорттың ерекшелігі:
қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді, ерте піседі, жатып қалмайды жəне
топырақ таңдамайды. Жоғары түсімділікті, Қостанай, Алматы, Шығыс
Қазақстан облыстарында егуге арналған.
Сонымен қатар Қазақстанның басқа аймақтарында өндіріске
қойылған асбұршақтың Алтайский усатый 55 (2011), Варяг (2008),
Ямальский (2012) сияқты жаңа сорттары кездеседі.
Асбұршақ дəніне бір стандарт жасалған – «Асбұршақ». Мұнда
да йындау кезінде, сақтау кезінде, қойылатын шартты ережелер
көрсетілген. Стандарт бойынша бұршақ екі типке бөлінген: 1.Тамаққа
жарамды; 2. Мал азығына арналған бұршақ.
Тамақтық бұршақ екі тармаққа бөлінеді: 1. Сары түсті, 2. Жасыл
түсті бұршақ.
Тамаққа жəне мал азығына арналған бұршақтың ішінде зиянды
222
жəндіктермен зақымдалған дəн жəне басқа да өзгеше денсаулыққа зи-
янды қоспалар болмау керек.