11.11.3. Сорттары жəне стандарттары Қонақ жүгері айқаспалы тозаңданатын өсімдік. Сондықтан одан
барлық көрсеткіштері біркелкі сорттар шығару өте қиын. Сонда да
болса, оларды өсімдіктің бойына, сіңсібастарының пішініне, дəнінің
түсіне жəне т.б. жəне басқа қасиеттеріне байланысты үш топқа бөледі.
Қабығының ішінде дəн бос жатады. Сондықтан əбден піскен дəн
төгіліп кетуі де ықтимал. Осы көрсеткіші бойынша: 1. Қабығы жоқ топ;
2. Аздап ашық; 3. Орташа ашық; 4. Көпшілігі ашық; 5. Түгел ашық дəн
деп бөлінген. Өндіріс бойынша тек үш топқа бөлінеді: 1. Дəнді қонақ
жүгері– жарма алуға жарамды, бойы аласа, аз бұтақтанатын, дəні дүгел
ашық оңай ақталатын тобы; 2. Қантты қонақ жүгері көк сабағынан сірне
алуға арналған. Бойы биік, бұтақтануы орташа, сабағының өзегінде қант
көп болады. Дəні қабықты, аршылмайды; 3. Сыпырғы алуға арналған
қонақ жүгері – сабағының өзегі өте құрғақ, сіңсібасының бұтақтары бір
буыннан шыққан, бұтақтары ұзын. Мұның да дəні қабықты, қабығы ар-
шылмайды
Көп тараған сорттары – Далалық 5, Украиналық 107, Карлик Джуга-
ра 185, Кубань қызылы 1677, сыпырғы жасауға арналған Веничное 623,
ерте пісетін веничное, қанты көп қонақ жүгеріге – Днепропетровское
янтарное, ерте пісетін жəне Қызыл Янтарь сорттары жатады.
Қонақ жүгеріге бір стандарт жасалған. «Қонақ жүгері. Дайындау
кезінде қойылатын шарттар». Мұнда дайындағанда, өнделген кезде,
крахмал, спирт жасаған кезде қойылатын шарттар көрсетілген.
Қонақ жүгері түсіне байланысты екі типке бөлінеді: 1. Ақ жалаңаш
дəнді қонақ жүгері; 2. Түрлі түсті қонақ жүгері – сарыдан бастап қоңыр
қызылға дейін деп аталған типтер. Олар: жалаңаш дəнді жəне қабықты
дəнді қонақ жүгерілер болып екі тармаққа бөлінген.
Тұрақты шарттар бөлімінде оның ылғалдығы, тазалығы, зиянды
жəндіктермен зақымданған дəннің саны туралы мəліметтер жазылған.
Жарма алуға тек 1типті, ал спирт алуға 1 жəне 2 типтерді пайдала-
нады.