11.11. Қонақ жүгері (Sorghum)
Қонақ жүгері халық шаруашылығында керекті дақылдардың бірі.
Одан жарма, ұн, крахмал, сыра, қызыл арақ, сироп алады. Көбінесе,
этилді спирт алуда қолданылады. Өсімдігінің басқа органдарынан
целлюлоза, қағаз, картон, щетка, сыпырғыш жасайды. Оның дəні де,
өсімдігінің өзі де мал азығы ретінде пайдаланылады жəне сүрлем алуға
жарайды.
Қонақ жүгері құрғақшылыққа өте төзімді. Өсіп тұрған кезде
құрғақшылық бастала қалса, өсімдік өзінің өсуін тоқтата тұрады да,
жаңбыр жауған соң өсуін əрі қарай жалғастырады. Тұзы көп шөл жер-
лерде де өсе алады. Сондықтан ол барлық шөл далалы аудандарда
аудандасқан. Басқа аудандарда да жоғары өнім бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |