225
түсті. Бұршақтардың ішінде 4-12 дəн байлайды. Дəннің пішіндері мен
мөлшерлері əртүрлі. Ол өлшемдер оның сортына жəне жер қыртысының
құнарлылғына,
ауа райының, агротехникалық шаралардың қолайлы бо-
луына байланысты.
Тамақ өнеркəсібінде пайдалану үшін үрме бұршақты екі топқа
бөлу көп тараған. Егер оның ұзыны 9 мм-ден артық болса, оны ірі
деп
бағалайды, егер ұзыны 5 мм-ден кем болса, онда оны ұсақ деп
бағалайды, ал осы екі топтың арасында болса, онда оның ірілігі орташа
деп бағалап, соған орай сорттайды.
Үрме бұршақтың 1000 дəнінің массасы 140-1100 г-ға дейін жетеді.
Олардың пішіні де əртүрлі,
көбінесе, домалақ, жұмыртқа немесе
бүйрек тəрізді болады. Дəнінің өңі түсі де əртүрлі ақ түстен бастап
қара түске дейін жəне де бір түсті немесе алапес шұбар да болып, сол
алапестігіне қарай төрт түрге бөлінген: 1. Ноқаттанған, 2. Дақталған
(үлкен ноқатталған), 3.
Ала-құла, 4. Жол сызаттары бар.
Америкалық үрме бұршақ ТМД-дағы барлық үрме бұршақ егістігінің
90 пайызға жақын көлемін алады.
Азия үрме бұршағы бізге Италиядан келген. Ол ыстыққа төзімді
болғанымен құрғақшылыққа төзімсіз. Гүлдерінің, бұршағының жəне
дəнінің көлемі жəне көлемдік мөлшері. Американдық үрме бұршақтан
əлде қайда төмен. Гүлінің түсі сары. Бұршақтары ұзын,
жіңішке ци-
линдр пішінді. Оның ішінде 7-ден 10-ға дейін дəн байланады. Дəні
ұсақ, 1000 дəннің массасы 25-60 г шамасында. Сары, қоңыр немесе жа-
сыл түсті. Лизинді өте көп ұстайды.
Бұлардан басқа Щедрая, Молотольская белая, Днепропетровская 8,
асханалық сорттар: Сакса, Грибовская 92, Конкурент 230-9, ерте пісетін
Масляная, Солтүстік жұлдызы атты сорттар егіледі.
Үрме бұршаққа бір стандарт жасалған – «Асханалық үрме бұршақ».
Бұл стандарт бойынша үрме бұршақ үш типке, ал
типтер тармаққа
бөлінген.
I тип – ақ үрме бұршақ. Оның 6 тармағы бар:
1. Бомба – дəні домалақ, жұмыртқа тəрізді, ірі;
2. Перловка – дəні домалақ, жұмыртқа тəрізді, ұсақ;
3. Ақ сопақ – ақ сопақ дəнді;
4. Жылан тəрізді – ұзын шиыршық дəнді.
5. Рачки – ірілігі орташа, бүйрек тəрізді, бірақ жалпақтау;
6. Күрек – бүйрек пішінді, күрекше пішінді дəн.
II тип – түрлі түсті үрме бұршақ. Оның 4 тармағы бар. Олар:1. Жа-
сыл түсті, 2. Қоңыр жəне сары түсті, 3. Қызыл түсті, 4. Басқа түстілер.
226
III тип – алапес үрме бұршақ, екі тармаққа бөлінеді: 1. Ақшыл ала-
пес, 2. Күңгірт алапес.
Техникалық шаралар тауарына үрме бұршақты дайындаған кезде
оның ылғалдылығына, тазалығына жəне зиянды жəндіктер
зақымдаған
дəндер туралы мəліметтер жазылған.
34-кесте
Достарыңызбен бөлісу: