Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет171/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.12.7. Соя (Glycine hispida)
Жержүзінде сояны АҚШ, Жапония жəне Үндістан көп өсіреді. Соя 
өсімдігі шоқтанып өседі. Өсімдіктің биіктігі 20 см ден 2 м-ге жетеді. 
Сабағы өзінің қаттылығына баланысты əртүрлі болады. Кейбіреулері 
жіңішке ұзын болып өсіп, жығылып қалады, өрмелеп те өседі. 
Кейбіреулері жерге жатып, ал көпшілігі аласа бойлы болып өседі. 
Өсімдіктің сабағын ақ түбіт басқан.


228
Гүл шоқтары жапырақ қолтығында орналасқан, ақ, көгілдір түсті, 
ұсақ шоқ шашақты болады. Бұршағы ұзын да, қысқа да, жалақ та, 
жіңішке де болып келеді. Түсі мөлдір ақшыл түстен қара түске дейін 
өзгеріп отырады. Бір шоқ өсімдікте 300-ден 400-ге дейін бұршақ өсіп 
шығады. Əр бұршақтың ішінде екіден төртке дейін дəн болады. Дəні 
сопақтау немесе домалақ, ұзыны немесе диаметрі 5-13 мм, ал сопақ 
дəннің көлденені 4,0-8,5 мм шамасында болады. Дəннің түсі де əртүрлі 
– сары, жасыл, қоңыр, қара болады. 1000 дəнінің массасы 60-тан 425 
г-ға дейін.
Мəдени соя: кореялық, маньчжуриялық, қытайлық жəне индиялық 
деп 4 кіші түрге бөлінген. Олар бірінен-бірі бойына, өсу мерзіміне, 
бұршағы мен дəнінің түсіне қарай бөлінген. ТМД-да маньчжуриялық 
соя түр тармағы тараған, ал Грузияда ғана аздап қытай түр тармағы 
кездеседі. Маньчжуриялық сояның сабағы жуан, тік өседі. Гүлі ұсақ, 
дəннің ірілігі орташа, 1000 дəнінің массасы 120-230 г шамасында, 
ұзыншақ домалақ немесе шар формалы домалақ келеді.
«Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу инсти-
туты» ЖШС ұжымымен сояның: Жалпақсай, Мисула 1092, Эврика 357, 
Қазақстандық 2309, Алматы, Вита сияқты жаңа сорттары шығарылған.
Жалпақсай сорты 2003 жылдан бастап, Алматы, Шығыс Қазақстан, 
Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында егуге рұқсат етілген.
Мисула 1092 сортының түсімділігі 43,7 ц-ге жетіп, дəндегі ақуыздың 
мөлшері 40%, ал майдың мөлшері – 19 %-ды құрады. Бұлсорт 1997 
жылдан бастап Алматы, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыста-
рында егіле бастаған.
Эврика 357 сортының көрсеткіштері Мисула 1092 сортыныкіндей, 
1988 жылдан бастап, Алматы жəне Жамбыл облыстарында егіске рұқсат 
алған.
Сояның Қазақстандық 2309, Алматы, Вита сорттары да жоғарыда 
келтірілген көрсеткіштерге ие болып, əр жылдары қолданысқа 
(Қазақстандық 2309 сорты 1992 жылдан бастап Алматы, Қызылорда 
жəне Жамбыл облыстарында; Алматы сорты 2006 жылдан бастап Ал-
маты, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында; Вита сорты 
2008 жылдан бастап Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында) 
рұқсат етілген.
Соңғы жылдары шығарылған сояның сорттары: Анастасия (2012), 
Аннушка (2012), Билявка (2012), Десна (2012), Жансая (2012), Вила-
на (2011), Корсак (2012), Ласточка (2011), Нена (2011), Радость (2010), 
Рента (2011) жəне тағы басқалар.


229
Сояға екі стандарт жасалған: Стандарт. «Соя. Дайындаған кез-
де қойылатын шарттар», Стандарт. «Соя. Фабрикаға жібергенде 
қойылатын шарттар».
Соя дəнің қабылдағанда ең алдымен, оның ылғалдылығына, басқа 
түрлі қалдықтарына, зиянды жəндіктермен зақымдану жағдайларына, 
майлылығына, үсікке шалдыққан дəндердің санына, майлы 
қалдықтар санына көп көңіл аударады. Бұл көрсеткіштер əсіресе, 
екінші стандартта негізгі орын алады. Мұнда сояны ылғалдылығана 
қарай 4 жүйеге, басқа түрлі қоспаларының мөлшеріне қарай 3 жүйеге 
бөлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет