Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет168/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.12.4. Жасымық (Ervum)
Бұршақ тұқымдастардың жасымық тегіне оның 5 түрі кіреді. Олардың 
ішінде кəдімгі жасымық ауылшаруашылық дақылдары ретінде көбірек 
тараған. Оның өзі екі кіші түрге бөлінеді: 1. Ірі дəнді тарелка тəрізді 
жасымық; 2. Ұсақ дəнді жасымық. Олардың өзара əртүрлі өндірістік 
жəне технологиялық қасиеттері бар.
Ірі дəнді жасымығының кіші түріне орташа мерзімде пісетін 
көптеген асханалық сорттар кіреді, ал ұсақ дəнді жасымыққа тек 
малазықтық сорттар жатады. Бірақ олардың да кейбіреулерін тамақ 
өнеркəсібінде қолдануға болады. Бұл екі кіші түрлер өзара төмендегі 
кестеде көрсетілген ерекшеліктері арқылы айырылысады.
Көрсеткіштері 
Ірі дəнді тарелкалық
Ұсақ дəнді жасымық
Өсімдік биіктігі
Биік, 40-75 см
Аласа, 15-75 см
Жапырақтары 
Ірі, дөңгелек, сопақша
Ұсақ, ұзыншақ, қияқша 
Гүлдің түсі мен мөлшері
Ірі, көк желкен тəрізді
ұсақ, күлгін көк, ақ 
тəрізді
Бұршақтардың мөлшері
Ірі, 15-20 мм, тарелка 
тəрізді
Ұсақ, 6-15 мм, дөңес
Дəннің пішіні мен 
мөлшері
Ірі дөңгелек, жұқа 
қабырғалы 5-9 мм
Ұсақ, дөңгелек, дөңес, 
қабырғалары да 
дөңгелек, 3 мм
Жарнақтарының түсі 
Сары, қызғылт сары 
Қызғылт сары, жасыл
Міне, осы екі кіші түрлерді, яғни асханалық жəне мал азықтық 
жасымықты осы көрсетілген ерекшеліктеріне қарай айырып, тиісті 
орындарына пайдаланады.
Жасымықтың басқа 4 түрі тек қана жабайы өсімдік немесе арамшөп 
ретінде кездеседі.
Жасымықтың бұршағы, дəні, сорттары жəне оны стандарттау
Жасымықтың жемісі бір ұялы бұршақ. Бұршағының қабығы екі жаққа 
ашылады. Оның ішінде бірден үшке дейін дəн байланады. Піскенде түсі 
сарғаяды, кейде ақшыл қызыл түсті бұршақтар да кездеседі. Бірақ бұл 
түстер кейін қоңыр немесе қара түске айналып кетуі мүмкін. Толық 
піскен кезде қабықтары өзінен-өзі ашылып, ішіндегі дəн төгіліп те 
қалады.


223
Жасымықтың сорттары бірінен-бірі көптеген ерекшелік белгілеріне 
қарай айырылысады. Сол белгілердің ішінде өндіріске жəне жарма алу 
технологиясына тікелей қатынасы бар дəннің ірілігі мен оның түсі жəне 
бетіндегі суреттердің бет əлпеті көрнекті орын алады.
Дəннің ірілігіне қарай:
1. Ірі дəнді – ұзындығы 6-9мм-ге тең;
2. Орташа ірі дəнді 5-6 мм;
3. Ұсақ дəнді 2-5 мм болса, жасымықты 3топқа бөледі. Осы 
мөлшерлерге сəйкес жасымықты сорттайды.
Осы жерде айта кететін сорттық айырмашылық белгілерге дəннің 
формасы да жатады. Негізінен асханалық жасымық тарелкаға ұқсас 
та, малазықтық жасымық дөңес, яғни екі жағы да дөңес түрде болады. 
Олардың 1000 дəнінің массасы 12-ден 80 г-ға дейін жетеді. Орташа 30-
бен 60 г арасында болады.
Ірі дəнді тарелкалық жасымық көбіне, жасыл түсті болады да, жазда 
күн сəулесінің əсерінен алдымен қызарып, кейінірек қоңырқай тартып 
кетеді. Бұл өзгерістер көбінесе, орып жинау жəне тазалап, кондицияға 
жеткізу мерзімдері созылып кеткен кезде жиі кездеседі. Мұндай 
жағдайда бетіндегі суреттер өзгеріп немесе жоғалып кетуі мүмкін. 
Сондықтан олардың сорттарын айыру қиынға түседі.
Жасымықтың дəнінде 21-ден 36 пайызға дейін ақуызы бар. Ол 
өз құрамында лизин, триптофан сияқты тіршілікке өте керекті амин 
қышқылдары көп ұстайды. Сондықтан ақуыздары толық бағалы 
болады. Олардан алынған ботқа өте дəмді жəне жұғымды болады, 
көлемі де жақсы өседі. Жасымықтан шұжыққа қосатын, консервті 
жасайтын, кондитерлік тағамдарға қосатын жарма мен ұн алады. 
Ұнын нанның толық бағалылығын байыту үшін де пайдалануға бо-
лады.
Ұсақдəнді жасымық мал азығы ретінде өте бағалы. Дəні күрделі жем, 
көк өсімдіктері жасыл балауса ретінде, сабаны мен топаны да құнарлы 
азық ретінде пайдаланылады.
Жасымыққа үш стандарт жасалған: Стандарт. «Жасымық. Асханалық 
тəрелкелі түрі. Техникалық шарттар». Стандарт. «Ұсақдəнді жасымық. 
Дайындау кезінде қойылатын шарттар». Стандарт. «Асханалық 
тəрелкелі жасымығы. Шетелдерге жібергенде қойылатын шарттар».
Бірінші стандартта диқаншылардан қабылдап алғанда қойылатын 
шартты межелер көрсетілген. Мұның негізгі көрсеткіштеріне түсі-түгі, 
иісі, бұзылмаған, ешқандай зиянды жəндіктермен немесе аурулармен 
зақымдалмағандығы алынған.


224
Бұл стандарт бойынша жасымықтың түсіне қарай: 1. Күңгірт жасыл 
жасымық, 2. Ақшыл жасыл жасымық, 3. Аралас түсті жасымық болып 
үш типке бөлінеді.
Осы типтерге бөлумен қатар жасымық партияларын ылғалдылығына, 
тазалығына жəне зақымданбағандығына қарай бағалаудың мəжелері 
белгіленген.
Əр типтегі жасымықты өзара ірілік топтарына жатқызу үшін 
мына елеуіштерді пайдаланып бағалау керек: ірі жасымық 6,3 мм-лік 
елеуіштен 80 пайызы өтпей қалса; орташа ірілік 5,2 мм-лік елеуіштен 80 
пайызы өтпей қалса; ал ұсақ партияға 4,8 мм-лік елеуіштен 90 пайызы 
өтпей қалса жатады. Бұдан ұсақтары тамақ өнеркəсібінде пайдалануға 
жарамайды.
Шет мемлекеттерге тек 1жəне 2 типті жасымық сатылады. Оны стан-
дарт бойынша екі класқа жəне жоғарыда көрсетілген ірілік межелерге 
бөлудің шарттары көрсетілген.
Жасымықты көп тараған сорттарына Петровтық 4/105, 
Днепропетровтық 3 сорттары жатады. Жасымықтың жаңа сортта-
рына «Анфия» жəне «Любава» сорттарын жатқызуға болады. Анфия 
сорты төгілуге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімді болып, ауруға 
көп шалдықпайды. Аталған сорттардағы ақуыздың мөлшері 28,6%-дан 
31%-ға дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет