221
уса ретінде, сүрлем салуға, күрделі жем жасауға жəне сабанын да мал
азығына пайдаланады.
Ас бұршақтың гүлдері жапырақтың қолтығында орналасқан.
Жемісі цилиндр пішінді. Оның ішінде 10-ға дейін дəн болады. Дəннің
құрылысына байланысты бұршақты егістік жəне далалық деп екі топқа
бөледі. Оларды төмендегіше айырады:
Көрсеткіштері Егістік
Далалық
Дəннің формасы
Домалақ шар тəрізді
Домалақ, қырлы-қырлы
Дəннің сырты
Жылтыр
Шұбар
Түсі
Ақ, сары, қызыл, жасыл
Сұр, қоңыр, қара
Гүлі Ақ Көгілдір,
қызыл
Ас бұршақты өндірісте жарма алуға жəне тамаққа пайдаланудағы
ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөледі: 1. Аршылатын 2. Қатты топтар.
Аршылатын бұршақтын сыртқы қабығы қатты пергаментті болады. Су
өткізбейді. Оны тек қана алдымен аршып, ақтап, содан кейін ғана тамақ
істеуге пайдаланады. Одан жарма алады.
Қантты ас бұршақтың қабығында пергементті қабаты жоқ, қабығы
жұқа, көк кезінде өте жұмсақ, тəтті. Сондықтан көбінесе, көктей неме-
се консерві жасауға пайдаланады.
Ас бұршақтың сорттары аз. Олар дəннің пішініне, түсіне жəне пай-
далану орнына қарай бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: