Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет174/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.12.10. Сиыр жоңышка (Vicia)
Сиыр жоңышқа 150-ге жақын түрлері бар. Оның ішінде 85 түрі ТМД 
елдеріне тараған. Орысша оның бəрін бірдей «горошки» деп айтады. 
Олар біржылдық, екіжылдық жəне көпжылдық өсімдіктер əрі мəдени 
өсімдіктер, жабайы шөптер немесе арам шөп түрлерінде кездеседі.
Сиыр жоңышқа – өте малазықтық дақыл. Оны тұқым алу үшін 
таза өзін, басқа дəнді егістермен араластырып шөп шабыстық жəне 
тыңайтқыш ретінде пайдалануға көктей айдап тастауға себеді. Шөп алу 
үшін сұлы, арпа, атқонақ жəне тағы да да басқа дақылдармен араласты-
рып себеді. Көбінесе, солтүстік орманды далаларда көп тараған.
Біздің елде осы көптеген түрлерден тек екі түрі ғана аудандасқан. Ол 
– жаздық егістік сиыр жоңышқа жəне күздік немесе түкті деп аталатын 
сиыр жоңышқа.


232
Жаздық сиыр жоңышқа ірі қара қошқыл таңқурай түсті гүл шығарады. 
Бұршағы ұзыншақ 4-6 см. Оның ішінде көптеген ұсақ дəндері бар. Дəні 
əртүрлі түсті – таза ақтан бастап қара түске дейін. 1000 дəнінің массасы 
18-80 г болады.
Күздік сиыр жоңышқа көпгүлді өсімдік. Гүлдерінің түсі күлгін көк, 
қызғылт күлгін болады. Бұршағы ұзыншақ ромбы тəрізді. Ұзындығы 
2,0-3,5 см. Онда екіден сегізге дейін дəн болады. Дəні ұсақ домалақ, 
қара түсті. 1000 дəннің массасы 30-45 г.
Жаздық сиыр жоңышқаның сорттарына, шығарған орнына жəне 
оның егілетін өлкелеріне сəйкес аттар берілген. Мысалы, Льгов 31/292, 
Камалинская 611, Харьковская 134, Байкалская, Белоцеперковская 199 
сияқты 40-қа жақын сорттар егіледі.
Күздік сиыр жоңышқадан Придеснянская, Паннонская, Ставчанка, 
Черниговская 20 сияқты сорттар егіледі.
Күздік сиыр жоңышқаға стандарт жасалмаған. Жаздық сиыр 
жоңышқаға бір стандарт бар – «Сиыр жоңышқа. Дайындалған жəне 
басқа жаққа жіберген кезде қойылатын шартты межелер». Мұнда оның 
түсіне қарай үш типке бөлу қарастырылған: 1. Ақ; 2. Сұр; 3. Қоңыр түсті 
дəн. Техникалық шаралар бөлімінде оның ылғалдылығы, тазалығы 
жəне зақымданғандығы туралы мəліметтер берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет