Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет175/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.12.11. Ноғатық. Тіс тəрізді бұршақ 
(Lathyris)
Ноғатықтың 100-ге жақын түрі бар. Оның көпшілігі көпжылдық 
өсісдіктер. ТМД-да 50-ге жақын түрлері кездеседі. Оның көпшілігі 
біржылдық мал азығына арналған өсімдіктер. Ноғатықтың дəнін 
тамаққа да пайдалануға болады. Одан ботқа, сорпа, кисель жасайды, ал 
Татарстанда нан да пісіреді.
Ноғатықтың дəні де, сабаны өте бағалы мал азығы бола алады. Оны 
көк тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Оның ақуызынан казейн, 
желім, крахмал, целлюлоза алады.
Біржылдық ноғатықтың ТМД-да үш түрі аудандасқан. Олар: егістік 
ноғатық, нұттық ноғатық, танжерноғатығы. 
Көпжылдық ноғатықтан жалғыз шабындық ноғатық қана көптеп 
егіледі. Оның егістік көлемі 10-15 пайызға жетеді. 
ТМД-да тараған егістік ноғатық. Оның еуропалық жəне азиялық деп 
екі кіші түрге бөледі. Ол көбінесе, Укаринада, Əзірбайжанда, Татар-
станда, оңтүстік Қазақстан облыстарында, Солтүстік Кавказда, Грузия-
да, Арменияда жəне Орта Азияда өседі.


233
Ноғатықтың гүлі ірі (19-22 мм) жəне ұсақ (12-15 мм) болады, ақ 
күлгін қара қошқыл, сары, қызыл түсті. Бұршағы екі қанатты, ұзыны 
22-45 мм-ге жақын. Дəннің пішіні əртүрлі, көбінесе, төртқырлы сына 
тəрізді немесе тіс тəрізді. Түсі ақшыл сары. 1000 дəннің массасы 160-
600 г шамасында. 
ТМД-да төрт түр тармағы кездеседі. Оларға Орта Азиялық 
– Өзбекстан, Тəжікстан, Түрікпен сорттары, Закавказдық – Ар-
мян, Грузиялық сорттар, далалық немесе орталық Еуропалық жəне 
Ортатеңіздік түрлері жатады.
Сорттары: Далалық 12 ( сына тəрізді, ақшыл сары, 1000 дəннің мас-
сасы 250-300 г.), Далалық 21, 287, Краснодарлық 1.
Стандарт. «Ноғатық. Дайындау жəне босатқан кездерде қойылатын 
шарттар». Мұнда оның дəнін екі типке: 1. Тамақтық – ашық түсі, 
ірілігі 4-8 мм; 2. Жемдік – қара қоңыр, ұсақ дəнді ноғатық деп бөлген. 
Ұзындығы 4 мм-ден төмен.
Стандарттың екінші бөлімінде ылғалдығына, тазалығына, зақым-
данған дəн санына қойылған мəжелер туралы шарттар көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет