Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет177/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.13.2. Майлы дақылдар дəндерінің сапасы
Майлы өсімдіктер дəндерінің бəрінен бірдей жəне əрқайсысының 
өзіне ғана тəн сапалық қасиеттері бар. Бұл тақырыпта тек қана бəріне 
бірдей қатынасы бар сапалық көрсеткішін келтіреміз.
Дəннің түсі түгі мен иісі арқылы оның жаңалығын жəне жақсы 
сақталатындығын білуге болады. Жақсы піскен дəн осы өсімдіктін 
өзіне тəн түсіне болады жəне оның жылтырлығы да жақсы сақталады. 
Көпшілік өсімдіктердің дəні стандарттарға, түсіне қарай типтерге 
бөлінеді. Егер піспеген дəн болса, ол көк түсті, ал ескі немесе ылғалы 
жоғары болған жағдайда сақталса, онда ең алдымен, оның жылтырлығы, 
одан кейін өзіндік түсі жəне иісі жойылып кетеді, қараяды.
Майлы дəннің сақталу ылғалдылығы дəнді дақылдарға қарағанда, 
əлдеқайда төмен болады. Оның межесі көпшілік майлы өсімдіктердің 
дəні үшін 8-10пайызға тең. Дəннің құрамында май көп болғандықтан 
олар суды өзіне тартып алып жəне ұстап тұра алмайды. Осы себептен 
дəннің құрамындағы басқа крахмал, ақуыз сияқты ылғал сүйгіш зат-


235
тар көбірек ылғалданады. Осының салдарынан көптеген ферменттер 
белсенді формаларына көшіп, қоректік заттар қорын бұза бастайды. 
Мұндай дəн сақтауға тұрақсыз болады. 
Майлы дəн қоспаларының дəні дақылдардан айырмасы, олардың 
тазалығын анықтағанда, оның ішіндегі бөтен заттарды: 1. Майлы зат-
тар, 2. Шөп шалаң заттар деп екі топқа бөледі.
35-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет