241
communis) түрі ТМД-да тараған. Оны кейде Рицина немесе ұжмақ
ағашы деп те атайды. Бұл түрге 25 тармағы кірген. Одан ТМД-да үш
түрі: кəдімгі (R. communis) немесе қан-қызыл сангвинеус (sanguineas),
персид (persicus) жəне қытай (ssp.sinensis) түрлері егіледі.
Майкененің сабағы жуан, биік өседі, іші қуыс, бұтақтарының басын-
да гүл шоқтары болады. Əр гүл шоғы бір-бірден жеміс салады. Жемісі
үш ұялы домалақ қауашақ. Оның диаметрі 10-35 мм, үсті тікен-тікен,
жасыл, қызыл немесе қоңыр түсті, піскен кезде қауашақ ашылып, дəнді
шашылып кетеді.
Дəні жұмыртқа тəрізді, ұзыны 5-35 мм, көлденеңі 10 мм-ге жақын.
1000 дəнінің массасы 200-500 г. Қабығы қатты, жылтыр, қоңыр-шұбар
болады. Оның химиялық құрамы (ВНИИМК 165 сорты бойынша)
төменде (
40-кесте
) көрсетілген.
40-кесте
Достарыңызбен бөлісу: