Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Көп тараған сорттарының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет170/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Көп тараған сорттарының сипаттамасы
Сорт Қабығы 
Гүлі-
нің 
түсі
Бұр-
шақ-
тың 
ұзын-
дығы
Дəні
Аудан-
дасқан 
аймақ-
тары
Пішіні түсі
1000 
дəннің 
масса-

Ботқан-
ның 
бағасы
Триумф Шоқ 
түсті 
бұтақ-
ты
Қы-
зыл
9-13
Оқтау 
тəрізді
Сары ақ 400-480
ОҚО, 
Батыс 
Сібір, 
Қиыр 
Шығыс
Степная 5
Аздап 
орал-
ғыш
Ақ
7-9
Эллипс-
тік
Сары ақ 200-300
ОҚО
Краснодар-
лық 1935
Жар-
тылай 
орал-
ғыш 
Ақ
8-9
Эллипс-
тік 
оралған
Ақ 220-250 Солтүс-
тік 
кавказ, 
Украи-
на
11.12.6. Қытай бұршақ (Vigna sinensis)
Қытай бұршақ – тұқымдастарының ішіндегі ең кең тараған 
жəне өте пайдалы дақыл. Оның дəнінде ақуыз 40-50%-ға жетеді. Ол 
ақуыздар түгелдей толық құрамды, яғни құрамында барлық тап-
шы, көк өсімдіктерде ғана пайда болатын, алмасуға жатпайтын амин 
қышқылдары түгелдей едəуір мөлшерде бар, əсіресе, лизин, трипто-
фан жəне метионин көп. Қытай бұршақтың ақуызы өзінің химиялық 
құрамына қарай мал етінің, сүтінің казеин ақуызына ұқсас жəне адамға 
өте сіңімді келеді.
Ақуызбен қатар қытай бұршақта 26 пайыз адам организміне өте 
пайдалы өсімдік майы бар. Бірақ онда крахмал өте аз болады. Міне, 
осы қасиеттеріне байланысты ол тамақ өнеркəсібінде жəне мал 


227
азығы ретінде кең қолданылады. Оны көктей айдап тастап, сүрі жер 
тыңайтқышы ретінде пайдалануға да болады.
Қытай бұршақтың ұнынан сүт, ашыған сүттен жасалған тағамдар 
ерітілген сыр, түздық консерві, нанның неше түрін, кəмпит, шоколад, 
халуа, пряник, торт, концентрат, шұжық, желім, мата, пластмасса алады.
Қытай бұршақтың майынан сабын, глицерин, суға төзімді бояу, 
лак, суға төзімді плащтық материал, ленолеум, фосфотит, лицетин, т.б 
керекті заттарды алады.
Қытай бұршақтың сабағы да ақуызды көп ұстайды. Сондықтан оның 
таза өзін немесе басқа шөппен қосып сеуіп, көктей малға беруге неме-
се кептіріп шөп ретінде пайдалануға болады. Қытай бұршақтың майын 
алғанда қалатын күнжараны жəне шротты ақуызды жем ретінде малға 
береді. Сонымен қытай бұршақ түгелдей адам қажетіне өте керекті 
əртүрлі заттар алуға қалдықсыз пайдаланылады.
Қытай бұршақ тегіне көп түрлер кіреді. Қазақстанда оның бір-ақ түрі 
мəдени қытай бұршақ егіледі. Оның егістіктерінде арам шөп түрінде 
оның басқа түрлері де кездесуі мүмкін. 
Мəдени қытай бұршақ – біржылдық жылусүйгіш дақыл. Оның 
өсіп өну мерзімі 75-тен 200 тəулікке дейін созылады. Қытай бұршақ 
өсімдігінде жəне дəніне ақуыз өте көп болғандықтан, оның өсіп өнуі 
үшін керекті жер қыртысының азотты мөлшері, басқа өсімдіктермен 
салыстырғанда, 2-3 есе көп, яғни оның өнімі мен өнімінің сапасы жер 
қыртысының құнарлылығына тығыз байланысты.
Қытай бұршақтың дəнінде ақуыз көп болғандықтан, ол суды да көп 
сіңіреді, ал май болса, керісінше, су сіңірмейді. Міне, осының салдары-
нан қытай бұршақты сақтаған кезде, аздап болса да ауаның ылғалдылығы 
өзгерсе болды, ол тез бұзылады. Қытай бұршақтың қабығы өте жұқа, 
сондықтан ылғалдылықтың енуіне тосқауыл бола алмайды.
Қазақстан үшін Қытай бұршақ жаңа дақыл. Ол тек оңтүстік облыс-
тарда тарай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет