11.9.4. Сорттары
Қарақұмықтың 30-ға жуық сорттары бар. Оның ішінде Богатырь,
Большевик, Славянка, Шатиловтық 5, Калининдік, Қазандық, Сибиряч-
ка, Беларустық, Скороспелая 81, т.б. көп таралған.
Қарақұмықтың Крупинка, Шортандинская крупнозерная, Шортан-
динская 2 сияқты жаңа сорттары кеңінен қолданылуда.
11.9.5. Қарақұмықты стандарттау
Қарақұмық дəніне арналаған екі стандарт жасалған. Стандарт.
«Қарақұмық. Дайындау шарттары» жəне Стандарт. «Қарақұмық. Жар-
ма жасауға арналған шарттар». Онда ылғалдылығы, дəнді жəне шөп-
шалаң қалдықтары сияқты көрсеткіштерге шек қойылған. Стандарттар-
да бұдан басқа да өніп кеткен, көгерген, иістенген т.б көз мөлшерімен
анықталатын көрсеткіштердің шегі белгіленген.
Қарақұмық ылғалдылығына қарай төрт дəрежеге, тазалығына қарай
үш топқа бөлінген. Олармен стандарттармен танысқан жөн.
Жарма алуға арналған дəннің ядросы 71 пайыздан кем болмау керек,
зиянды жəндіктер жəне басқа денсаулыққа зиянды қоспалар болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |