Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет198/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

№ 5-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Астықтағы қалдықтар мөлшерін анықтау»
Жұмыс мақсаты:
1. Астықтағы қалдықтар мөлшерін анықтау əдістемесімен танысу.
2. Астық өндірушілерден келетін дəн партиясының қабылдану 
мүмкіншілігін анықтау.
Тапсырма:
1. Стандарт бойынша берілген дақылдағы дəнді қалдық пен шөп-
шалаң қалдықтар фракцияларын зерттеу.
2. Дəнді қалдық пен шөп-шалаң қалдықтарының пайыздық үлесін 
анықтау.


258
3. Стандарт талаптарымен зерттеліп жатқан дəн мəліметтерін салыс-
тыру.
4. Кестені толтыру.
Құрал жабдықтар:
1. БИС-1 бөлгіші;
2. Зиянды қалдықтар коллекциясы;
3. Анализдік тақта;
4. 4-4,5 есе үлкейтетін шыны (лупа);
5. Електер кешені;
6. Қалдықтар фракцияларының эталондары;
7. Өлшендіге арналған ыдыс;
8. Техникалық таразы;
9. Орташа сынама;
10. Жалпақ қалақша, шөтке, шпатель.
Жұмыстың орындалуы:
Астық массаларында көптеген негізгі дəннен сапасы (бағасы) төмен 
қалдықтар кездеседі. Азық-түлік, жемдік жəне техникалық мақсатта 
қолданылатын астық партияларында кездесетін қалдықтарды партия 
массасына пайызбен сипаттайды (есептейді). Қалдықтар екі топқа 
бөлінеді: Дəнді жəне шөп-шалаң қалдықтар. Бұл қалдықтар осы астық 
партиясынан өндірілетін өнімнің сапасына əртүрлі əсер етеді.
Шөп-шалаң қалдықтарға кіретіндер:
1. Минералды қалдықтар (топырақ, құм);
2. Органикалық қалдықтар (өсімдіктің вегетативтік бөлшектері, 
қылқаншалар);
3. Дəнді қалдыққа жатпайтын жабайы жəне мəдени өсімдік тұ-
қымдары;
4. Ядросы бүлінген негізгі дақыл дəндері;
5. Зиянды қалдықтар (қастауыш, қара күйе, вязель, горчак, плевел 
опьяняющий, гемотроп, мышатник);
6. Диаметрі 1мм болатын електің өтімі; 
Дəнді қалдықтарға кіретіндер:
1. Бүліну мөлшері 50% асқан, ұрылған жəне зиянкестермен желінген дəн.
2. Езілген.
3. Шөпек, жетілмеген.


259
4. Піспеген (көк).
5. Өнген.
6. Кептіру кезінде немес өздігінен қызу кезінде бүлінген дəндер.
7. Кептіру кезінде ісінген.
8. Бағасы төмен мəдени дақыл дəндері (бидайда қара бидай дəндері, 
арпа дəндері).
Бидай, қарабидай, арпа, сұлы жəне күріштегі қалдықтар мөлшерін 
анықтағанда оның орташа сынамасын дөңгелек тесіктегі диаметрі 6 
мм електе елеп, ірі қалдықтардан тазартады. Ірі шөп-шалаң қалдық 
мөлшерін 
ɋ
ɤ

ɦ
Ɇ
כ ͳͲͲΨ
формуласымен анықтайды
Мұндағы, м – ірі қалдық массасы г;
М – орташа сынама массасы, г;
Cк – ірі шөп-шалаң қалдық, %; 
Ірі қалдықты бөліп алғаннан кейін 50 г өлшендіні орташа сынама-
дан алып, зертханалық електен өткізеді.
Зертханалық електер комплектісін:
1. Табан;
2. Тесік диаметрлері 1 мм елек (бидай жəне қара бидай үшін);
3. Қақпақ сияқты тəртіппен орналастырады.
Қолмен елеу келесі түрде өтеді: елек жиынтығы мен дəннің 
өлшендісін тегіс бетті үстел үстіне қойып, қайтымды қозғалыс арқылы 
елейді. Елеу кезінде електің тербелу амплитудасы 10 см шамасын-
да болуы керек. Елеу 3 минут уақыт аралығында 110-120 қозғалыс 
қарқындылығында өтеді. Елек сырғымасын бөлу тақтайшасына қойып, 
шпательмен фракцияларға ажыратады. Бөлініп алынған шөп-шалаң 
қалдық пен дəнді қалдық массасын өлшеп, оның бастапқы өлшендіге 
*100
50
n
M
ɋ
формуласы бойынша пайыздық үлесін шығарады.
Мұндағы, шөп-шалаң қалдық, %;
М – шөп-шалаң қалдық массасы, г;
Партиядағы қалдықтардың жалпы мөлшері = Cк+Сп.
3
*100
50
n
Ɇ


260
Мұндағы, дəнді қалдық, %;
М – дəнді қалдық массасы, г;
Бүлінуі немесе залалдануы нақты болмаған дəннің мөлшерін 
анықтау үшін негізгі таза дəннен 10 г өлшендіні алады. Күмəн туғызған 
дəндерді алып, ортасынан кеседі.
Бүліну деңгейіне қарай стандартта келтірілген талаптарға сəйкес 
кесілген дəндерді бүлінген немесе залалданған дəндерге жатқызады. 
Бүлінген жəне залалданған дəндерді бөлек өлшейді жəне оның 
мөлшерін: 
Хбүл= Мбүл*М/5
формуласымен анықтайды.
Мұндағы, М бүл – 10 г өлшендіден алынған бүлінген дəн массасы;
М – 50 г өлшендіден алғаннан кейін қалған бүлінген дəн массасы:
48-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет