Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет195/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
№4-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Дəннің ылғалдылығын негізгі стандарттық кептіру 
əдісімен анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
Ылғалдылықты анықтау əдістемесімен жəне аппаратымен танысу.
Тапсырма:
1. Дəннің ылғалдылығын анықтау.
2. Кестені толтыру.
3. Ылғалдылығы бойынша дəннің күйін жəне оны қабылдау мүм-
кіншілігін анықтау.


255
Құрал-жабдықтар:
1. 300 г мөлшердегі дəн массасы;
2. СЭШ-3М кептіру шкафы;
3. Алюминді бюкстер;
4. Эксикатор;
5. № 08 жəне № 1-електер;
6. Зертханалық диірмен;
7. Өлшендіге арналған ыдыс;
8. Техникалық таразы;
9. Дыбысты сағат;
10. Қалақша, қысқыш.
Жұмыстың орындалуы:
Дəннің ылғалдылығы дегеніміз – дəндегі гигроскопиялық судың 
мөлшері, ол %-бен өлшенеді. Дəндегі ылғал (су) байланысқан жəне 
байланыспаған түрде болады. Дəннің ылғалдылығын анықтаған кез-
де астық құрамындағы қалдықтар да есепке алынады. Бұл көрсеткіш 
дəннің əрбір партиясының сапасына баға беру кезінде міндетті түрде 
анықталады.
Ылғалдылық – дəн сапасын анықтайтын маңызды көрсеткіштердің 
бірі, оның құрамында қанша құрғақ заттың бар екенін білуінен, оның 
массасын сақтауға əрі одан əртүрлі жарма мен ұн өнімдерін алуға 
мүмкіншілік жасайды. Сондықтан мемлекет астықты өндірушілерден 
сатып алғанда белгілі бір мөлшердегі ылғалдылығы бар дəндерді сатып 
алады.
Астық өндірушілерден дəн қабылдау кезінде дəннің ылғалдығын 
орта сынама бойынша 2 рет анықтайды.
1. Əрбір автомашинадан алынған бастапқы сынама бойынша (астық 
партиясының ылғалдылығы бойынша күйін біліп, қоймаларға дұрыс 
орналастыру үшін);
2. Орташа-тəуліктік сынама бойынша (астықтың есептік массасын 
анықтап, астық өндірушілермен есептесу үшін).
Орташа-тəуліктік сынаманың ылғалдылығын стандарт бойын-
ша анықтайды. Ылғалдылық ұсақталған дəн өлшенділерін – СЭШ-1; 
СЭШ-3М шкафтарында 60 минут ішінде 130 градуста қыздырылып
кептіру арқылы өлшенді массаларының айырымы бойынша табылады.
Дəннің ылғалдылығын анықтау үшін 20 г дəнді алып, оны зертханалық 
диірменде ұсақтайды. Ұсақталған дəннің ірілігі 3 минут аралығында 


256
нөмерлері 1-0,8 болатын електерде бақыланады. Майдаланған өнімнің 
бөлшектерінің өлшемдері 0,8 мм кем болып, олардың мөлшері 50%-
дан төмен болмауы керек. Одан кейін 5 г құрайтын 2 өлшендіні алдын 
ала таразыға тартылған бюкстерге орналастырып, 130 градусқа дейін 
қыздырылған шкафқа қояды. 40 минуттан кейін бюкстерді алып шығып 
15-20 минут бойы эксикаторда суытады. Кептірілген өлшенділері бар 
суытылған бюкстерді 0,01 г дəлдігімен таразыда өлшейді. Кептірілгенге 
дейінгі жəне кейінгі өлшенділердің айырымы бойынша, бастапқы 
өлшендіге есептей отырып, пайызбен ылғалдылықты есептейді. 
Анықталған екі ылғалдылықтың орта мəнін тауып, сынаманың шын 
ылғалдылығын қабылдайды.
Алынған дəн өлшендісінің пайызбен өлшенген ылғалдылығы:
ܹ ൌ
݉
ଵି
݉

݉

כ ͳͲͲ
формуласы арқылы есептеледі.
Мұндағы 
݉


– ұсақталған дəн өлшендісінің массасы, г.
݉

– кептіргенге дейінгі бюкс пен өлшенді массасы, г.
݉

– кептіргеннен кейінгі бюкс пен өлшенді массасы, г.
Орташа нəтиже 0,1 дəлдікпен жазылады. Егер параллель анықтаулар 
арасындағы айырым 0,20%-дан артық болса, онда бұл көрсеткіш қайта 
жасалынуы керек.
47-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет