Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет251/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

№20-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Собықтағы жүгерінің сапасын талдау»
Жұмыстың мақсаты:
Сапа көрсеткіштерін анықтаудың əдістерін үйрену, оларды өз 
бетінше анықтауды үйрену жəне стандарт талабына сай тұжырым 
жасау. 
Тапсырма:
1. Собықтағы жүгерінің сапа көрсеткіштерін анықтау;
2. Стандарт талаптарына сай тұжырым жасау;
3. Талдау карточкасын толтыру.
Құрал-жабдықтар:
1. БИС-1 бөлгіші;
2. Техникалық таразы;
3. Диаметрі 2,5 мм №0,8; №1,0 електер;
4. Анализдік тақта;
5. Шпатель, қалақша, шөтке;
6. Сабақты ұсақтауға арналған пышақ;
7. Жүгері ақтауыш;
8. СЭШ-3М кептіргіш шкафы;
9. Бюкстер;
10. Эксикатор;
11. Тигельді қысқыштар;
12. 4-5 есе үлкейтетін шыны (лупа);
13. Орташа сынама (10 собық)
14. Өлшендіге арналған ыдыс;
Жұмыстың орындалу жоспары:
1. Типтік құрамын анықтау;
2. Собықтағы жүгерінің залалдануын анықтау;
3. Собықтан астықтың шығымын анықтау;
4. Собықтағы жүгерінің ылғалдылығын анықтау;
5. Қалдықтар мөлшерін анықтау;
6. Тұжырым.
Жұмыстың орындалуы
1. Типтік құрамын анықтау:


336
Собықтағы жүгерінің типтік құрамын собық жəне астық арқылы 
анықтайды. Собық арқылы типтік құрамын анықтау біріккен сынама 
бойынша жүреді. Ол үшін 10 немесе 100 собық алынады. Олардан əр 
типті собықтар бөлініп алынады, саналады, олардың пайыздық мөлшері 
есептеледі.
Астық арқылы жүгерінің типтік құрамы 50 г орташа сынаманы 
уатқаннан кейін анықталады.
Негізгі типті жүгерінің өлшендісін талдау кезінде одан басқа типті 
жүгерінің қалдықтарын алып тастайды. Алынған фракцияларды 
өлшейді жəне өлшендіге қатысты пайызбен көрсетеді.
Нəтижелерді жазу:
______типтегі собық____________________%_______________
______типтегі собық ____________________%_______________
______типтегі собық ____________________%_______________
______типтегі собық ____________________%_______________
Жүгерінің типі __________________________________________
2. Залалдануды анықтау:
Орташа сынаманы алады (10 собық) жəне барлық собықтарда лупа 
арқылы мұқият зиянкестердің бар жоқтығын қарайды.
Собықты жүгерінің кенемен залалданғанын анықтау үшін 10 
собықты жұп жұбымен қара шынының үстіне соғады да, қара шыны 
бетін лупаның көмегімен кененің бар жоқтығын анықтайды.
Жəндіктер мен кене табылған жағдайда, олардың санын жазады. 
Құжаттарда зиянкестердің түрі мен санын көрсетеді.
Нəтижелерді жазу:
Зиянкестің түрі:___________саны____________ 
Зиянкестің түрі:___________саны____________ 
Зиянкестің түрі:___________саны____________ 
Зиянкестің түрі:___________саны____________ 
3.Собықтан алынатын дəн шығымын анықтау 
10 собықтан тұратын орташа сынаманы өлшейді жəне уатады. Уа-
тудан кейін алынған астықты өлшейді. Таза астықты анықтау үшін 
өзектердің ұсақ бөлшектерімен араласып кеткен астық массасынан 100 
г өлшенді бөліп алып, оның ішіндегі өзек бөліктерін алып тастайды да, 
тазаланған астықты өлшейді.


337
Астық шығымын
Х=m1*m2/m к
формуласы бойынша анықтайды.
Мұндағы, m
1
– орта өлшендіні уатқаннан кейін алынған дəн массасы, г;
m
2
– 100 г өлшендідегі таза дəн массасы, г;
m – орта сынама собықтарының уатылғанға дейінгі массасы, г.
Нəтижелерді жазу:
Орта сынама собықтарының уатылғанға дейінгі массасы _______г.
Уатқаннан кейінгі собықтың орта сынамасының массасы _______г.
100 г өлшендідегі таза дəн массасы _________________________г.
Астық шығымы _________________________________________%.
Өзек шығымы __________________________________________%.
Собықтан алынатын дəннің шығымын есептеудің мысалы
Собықтың орташа сынамасының массасы – 2800 г. Уатылғаннан 
кейін өзек бөліктерімен бірге алынған дəн – 2200 г. Ұсақ бөлшектерден 
ажыратқаннан кейін 100 г өлшендіден 99 г қалды.
Есептеу:
Жүгері собығынан шығатын дəннің мөлшері:
Ш
з
=2200*99/2800=77,7=77%;
Ш
саб 
=100-77=23%.
4. Собықтағы жүгерінің ылғалдылығын анықтау
Біріккен сынамадан үш собықты бөліп алады. Дəннің жəне 
сабақтарының ылғалдылығын бөлек анықтайды. Собықтарды 
қолмен немесе жүгеріуақтағышпен уатады жəне алынған дəннен 50 
г өлшенді бөліп алады. Оны белгілі бір ірілікке дейін ұсақтайды да, 
содан кейін осы өнімнен 5 г-нан екі өлшенді бөліп алады, негізгі əдіс 
арқылы кептіреді немесе алдын ала кептіреді, егер ылғалдылығы 
18%-дан жоғары болса.
Өзектердің ылғалдылығын анықтау үшін əрбір өзектің соңғы 
ұшынан ұзындығы 2 см болатын бөлік кесіп алады жəне лақтырады. 
Содан кейін өзектің соңғы ұшынан жəне ортасынан 3 см-ден кесіп ала-
ды да, бөліктерге бөледі жəне ылғалдылықты екі 5 грамдық өлшендіде 
негізгі əдіс бойынша анықтайды.
Собықтағы жүгерінің ылғалдығын: алымында дəннің ылғалдығын, 
ал бөлімінде – өзектің ылғалдығын бөлшекпен көрсетеді:


338
Ылғалдылықты дəні мен өзегінің салмақтық қатынасына қарай 
собықтағы жүгерінің барлық партиясына есептейді.
91-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет