Бақылау сұрақтары: 1. Иісін анықтау үшін алынған өлшенді массасын көрсетіңіз.
2. Ылғалдылықты анықтау кезіндегі ұсақтау ірілігі қандай електерде
бақыланады?
3. Ылғалдылықты негізгі əдіс бойынша анықтау кезінде кептіру
уақыты мен температурасын көрсетіңіз.
4. Негізгі əдіс бойынша ылғалдылықты есептеуге арналған форму-
ланы көрсетіңіз.
5. Залалдануды анықтау кезіндегі елеу жылдамдығын жəне уақытын
көрсетіңіз.
6. Залалдану дəрежелерін атаңыз.
7. Қалдықтар мөлшерін анықтауға алынған өлшенді мөлшерін жəне
електер комплектісін көрсетіңіз.
8. Бүлінген дəндерді анықтау үшін алынған өлшенді көлемін
көрсетіңіз.
9. Бүлінген дəндерді қайда жатқызады?
10. Бүлінген дəндерді есептейтін формуланы көрсетіңіз.
11. Қабықтылықты анықтауға алынған өлшенді мөлшерін көрсетіңіз.
12. Қабықтылық бойынша рұқсат етілген ауытқуды көрсетіңіз.
13. Қандай формула бойынша қабықтылықты есептейді?
14. Қандай көрсеткіштерден кейін ядро мөлшерін анықтайды?
15. Ядро мөлшерінің мəнін көрсетіңіз.