85
ішінде көптеген ұсақ жəне ірі тамаққа жарамайтын қосындылар да,
түрлі-түрлі тірі зиянкес жəндіктер немесе олардың қалдықтары да көп
болуы мүмкін. 1кг астықта 40000-ға жақын дəн болады (Казаков Е. Д.,
117-бет). Осы дəннің ішіндегі керекке жарамды жəне керекке жарамсыз
қосындыларын есептемесек, астық бір дақылдың бір түсті дəндерінен
тұрса, оны біркелкі астық партиясы деп есептейді. Бірақ оның ішіндегі
осы дақылдың ұсақ дəндері, ұшықтар есепке алынбайды. Ал егер
сол партияда ұсақ дəн, шөпек дəн мен ұшықтар, піспей жиналған
көк дəн, арамшөп тұқымдар өте көп болса, сонымен қатар оның əр
жерінің ылғалдылығы əртүрлі болса, онда мұндай астық қоспалары
осы аталған сапа көрсеткіштері бойынша біркелкі болмай, əртүрлі деп
аталып, оларды керекті немесе тазалауға немесе кептіруге жібереді.
Осыдан кейін ғана біркелкі деп айтуға болады. Мұның себебі мұндай
əртүрлі сапалы астықты сақтау өте қиын. Бұл жағдайларда көбінесе,
оның ылғалдылығына, арам шөптердің тұқымына көктей қосылған
ұшықтарға көп көңіл аударылады.
Астық қоспаларында көптеген микроағзалар да жəне астықтың
осы компоненттерінің арасындағы қуыстарында да ауа болады. Міне,
осының бəрі астықты қабылдау, сақтау, оны тазалау, кептіру кезінде
тиісті əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: