Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астық сапасын анықтаудың физикалық тəсілдері



Pdf көрінісі
бет59/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

7.4. Астық сапасын анықтаудың физикалық тəсілдері
Астық сапасын анықтаудың физикалық тəсілдеріне дəннің пішінін, 
оның ұзындығын, жылтырлығын, қалыңдығын, ірілігін, көлемін 
толықтығын немесе шөпектігін, біркелкілігін, 1000 дəннің жəне 1 л дəннің 
массасын, шыны тəрізділігін, тығыздығын, қауыздылығын, механикалық 
зақымдануын, сызаттануын, механикалық жəне аэродинамикалық 
қасиеттерін, тазалығын, зиянды жəндіктермен зақымданғандығын анықтау 
жатады. Бұл көрсеткіштер астықты сақтау жəне өңдеу үдерістерінде 
шешуші орын алады. Осы көрсеткіштердің көмегімен оның кейбір 
сапаларының мөлшерін, оны қоймаға құю, бір орынынан екінші орынға ау-
ыстыру, тазалау жəне өңдеу сияқты көп мəселелерді шешуге болады жəне 
қандай көлемде қойманың керектігін анықтайды. Барлық зертханалық 
жұмыстар осы физикалық тəсілдермен астық сапасын анықтаудан баста-
лады.
Физикалық тəсілдер орыс тіліндегі оқулықтарда (Казаков Е.Д., 
1975, 1984): форма – форма, ұзындығы – длина, жылтырлығы – 
блеск, жалпақтығы – ширина, қалыңдығы – толщина, ірілігі – круп-
ность, көлемі – объем, толықтығы – выполненность, 1 л дəннің мас-
сасы – натура, шынылығы – стекловидность, тығыздығы – плотность
қауыздылығы – пленчатость и лузжистость, механикалық зақымдану – 
механические повреждения, тазалығы – чистота (орысша оқулықтарда 
көбінесе засоренность), сызаттануы – трещиноватость деп берілген.
Бұл аудармаларды көпшілік оқушылар үшін ұғымды түсінуді 
жеңілдету мақсатымен беріп отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет