Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет60/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
7.4.1. Астық дəнінің сыртқы пішіні
Астықтың жəне басқа да дақылдар дəнінің пішіні əртүрлі болады. 
Əр дақыл бірінен-бірі өздерінің тұқымдарының сыртқы пішінімен 


95
айырылысады. Бір дақылдың ішіндегі əр кіші түрдің, сорттардың 
да пішіндері көбінесе, əртүрлі болады. Кейде бір масақтың, əсіресе 
жүгерінің бір собағының əр тұсындағы дəндерінің өзінің əртүрлі болуы 
мүмкін. Бұл əр дəннің ерте немесе кеш байлануына, т.б. түрлі табиғи 
жағдайларға байланысты болады. Үлкен партиялы астықтың көлемі əр 
дəннің көлемі мен оның арасындағы қуыстардың көлемінен тұрады. 
Сондықтан бұл екі көлемдіктердің өзара байланыстары да əртүрлі. 
Бұлар дəн пішіндерінің əртүрлілігіне байланысты.
Белгілі шектерді еске ала отырып, дəн пішінін мына төмендегі 
негізгі геометриялық пішіндерге жатқызған жөн: шар пішінді, жасымық 
тəрізді, эллипсоидша оралған, тіпті, ешқандай формаға да ұқсамайтын 
(жоғарыда айтылған үш өлшемді əртүрлі) болып келуі де мүмкін. 
Шар пішінді дөп-дөңгелек барлық үш бірдей өлшемдері бірдей бо-
лады. Одан бұршақ, тары қонақ жүгерінің жəне жүгерінің кейбір сорт-
тары жатады.
Жасымық тəріздес немесе екі жағы да дөңес линзаға ұқсас формаға 
жасымық жəне басқа да бірқатар өсімдіктердің дəндері жатады. 
Олардың ұзындығы жалпақтығынан əлдеқайда үлкен.
Элипсоид оралған пішінді өзінің сыртына өзі оралып біткен ұзын 
тұқымды көптеген бұршақ тұқымдас шөптердің (жоңышқа, беде, си-
ырбеде, т.б) тұқымдары жатады. Олардың жалпақтығы мен көлденеңі 
бірдей болады.
Дəнді дақылдардың үш өлшемдері үш түрлі, ешқандай геометриялық 
пішінге ұқсамайды. Сонда да оларды дөңгелектеу ұзыншақ (бидай), 
ұзыншақ (қарабидай), бүйрек тəріздес (үрмебұршақ) сияқты деп бөліп 
жүр. Қарақұмықтың дəні үшбұрышты пирамида деп аталып кеткен.
Астық жəне басқа да дақылдар дəндерінің пішіні оны тазалау 
жəне сорттау барысында шешуші орын алады. Астық тазалайтын маши-
налардың елеуіштерінің тесіктері əр дақылдың дəнінің пішініне, оның 
ірілігіне арналып жасалған. Егер дəн ірі болып, пішіні шарға ұқса болса, 
оның эндоспермі де үлкен болып, сыртқы қабыршақтарының көлемі де 
азая түседі. Соның нəтижесінде одан алынатын ұнның шығымы көбейеді. 
Мұндай астықтың 1 л массасы да үлкен болады, қоймаға құйғанда, 
литрлік пуркаға салғанда тығыз орналасып оның салмағы өседі.
Астық дəндерінің пішінін оның геометриялық сфералық немесе шар 
тəріздес денеге ұқсастығын пайдаланып,
ԝ
*100
ɫɮ
F
Ʉ
Ⱦ
формуласы арқылы анықтауға болады.


96
Мұнда,
3
6
ɍ
Ⱦ
ɉ
ɠԥɧɟ
2
2
2
(
)
(
)
(
)
F
Ⱦ
ɚ
Ⱦ
ɜ
Ⱦ
ɫ

У – (дəн көлемі) 

ʞ

авс, мм
3
, а, в, с, дəннің ұзыны, көлденеңі жəне 
қалыңдығы, мм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет