Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мемлекеттік астық инспекциясы жəне оның міндеттері



Pdf көрінісі
бет112/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

9.4. Мемлекеттік астық инспекциясы жəне оның міндеттері
Мемлекет қоймаларындағы астықтың сапасы халық шаруашы-
лығында маңызды орын алады. Неге десең, осы астық жақсы сақталса
халық та тоқ болады.
Астықтың үлкен партиялары элеваторлар мен механикаландырылған 
астық қоймаларында сақталады. Бұрын соңды болып көрмеген мұндай 
үлкен партияларды сақтау өте жауапты жұмыс. Мұнда көптеген ма-
мандар істейді. Сонда да астықтың сақталу жағдайын үкімет тара-
пынан мемлекеттік астық инспекциясы (МАИ) тексеріп тұрады. Ол 
инспекциялар барлық республикаларда элеваторлардың жанында 
ұйымдастырылған.
МАИ қоймалардағы астықтың сапасын, санитарлық жағдайын
астық өткізушілермен есеп айырысу мəселелерін тексереді. Бұл тексеру 
тек стандарттық тəсілдермен ғана жүргізіледі. Тексеру ешкiмre хабар-
ланбай, төтенше жүргізіледі. Осының нəтижесінде тексерілген мекеме-
лерге сертификат астықтың сапасы туралы құжат береді. Сертификат 
– қоймадағы астықтың көлемі, сорты, сапасы туралы берілетін құжат. 
Kөбінесе, сертификат шет мемлекеттерге шығарылатын немесе сырт-


168
тан келетін астыққа, республика орталықтарына, əскер бөлімшелеріне 
жіберілетін астыққа беріледі.
МАИ жыл сайын жаңа өнімнің де сапасын тексереді. Ол үшін ор-
таша шаруалы диқаншыдан 10 кг орташа сынама алып, оның 2 кг-ын 
өзінде алып қалады, 2 кг-ын республикалық зертханаға, ал қалған 6 кг-
ын орталық, зертхана мен ВНИИЗ-ге жібереді.
Сол тексерулердің қорытындысы бойынша астықты орналастыру, 
тасу жоспары жасалады, жұмысты МАИ орындайды.
МАИ-дың ең үлкен міндеті –
 
астық қоймаларының, ұн, жарма 
зауыттарының тазалығын, өнімдерін стандартқа сəйкес шығару жəне 
талапты бұлжытпай орындаудың барысын ерекше текcepіп, оған сай 
шаралар белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет