Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет115/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

10.2. Астық дайындауды ұйымдастыру
Астық жəне басқа да өнімдер ауылшаруашылық мекемелерінде 
өндіріліп, олар астық кабылдау мекемелері мен астық өткізушілер ара-
сында жасалған екіжақты келісімшарт бойынша үкіметке тапсырыла-
ды. Осы келісімшартты 
контрактациялық келісімшарт 
деп атайды.
Ауыл шаруашылығында істейтін халықтың саны жылдан-жылға 
азайып бара жатыр, ал қала тұрғындарының саны өсуде. Осы халықты 
əртүрлі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жауапты да абырой-
лы міндет. Дайындалған өнімдер мемлекет қоймаларында сақталып, 
өңделіп, оларды керек орындарына таратады.
Сондықтан осы дайындалатын өнімдердің сапасы жақсы жəне 
жеткілікті болуы керек. Бұған экономикалық ынталандыру əдісі арқылы 
жетуге болады.
1961 жылдан бастап мемлекетке астық тек контрактациялық шарт 
арқылы дайындалады. Ол келісім бойынша шаруа қожалығы не-
месе ұжым қандай өнімді қанша, қандай сапамен жəне қай мерзімде 
тапсыратыны туралы міндеттеме алады. Ал қабылдау мекемелері ол 
алынған өнімдерге өзінің тұрақты бағасымен ақысын төлейді, сол 
төлейтін ақшаға шағын трактор, комбайн жəне автомашиналар сатады. 
Келісім жасалғаннан кейін шаруа қожалығы немесе ұжым келісілген 


176
ақшасының 30-40 пайызын алып пайдалана беруіне болады. Келісім 2-5 
жəне одан да көп жылдарға жасалады.
Келісім бойынша, егер астықты қабылдамаса, онда сол өнімнің 
3 пайыз құнын төлейді жəне оны тасымалдауға шыққан шығын қоса 
төленеді, егер келісілген уақытынан кейін қабылдаса 0,1 пайыз айып 
төлейді, ал егер кешігу мepзімі 10 күнге жетсе, онда айып мөлшері 2 
пайызға дейін өседі.
Контрактациялық келісімдерде өнімнің сапасына қарай, базистік 
кондицияға сəйкес, үстеме ақы төлейді немесе салмағын, не ақшасын 
кеміту шаралары да көрсетіліп жазылады. Барлық астықты қабылдауға 
шыққан көлік шығынын мемлекет атынан дайындау мекемелері төлейді.
1988 жылдан бастап күшті бидай дайындауға арналған үстеме ақы 
25-тен 100 пайызға дейін, ал қатты бидайға 150 пайызға дейін өсті.
Осы жасалған келісімдер облыстың, республиканың қабылдау 
жоспарларының негізін құрайды. Осыған сəйкес өнімдерді сақтау, та-
сымалдау, шетелдерге сату, т.б. мемлекеттік-əлеуметтік жоспарлардың 
нeгізі жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет