177
толық зерттеуден өткізіліп барып өндіріске енгізілді. Алғашқы зерттеу-
лер сағаттық графикті өндіріске енгізуге егіндi ору мен тасымалдаудың
дайындау саласындағы қабылдау, өңдеу (тазарту, кептіру) сақтау, ор-
наластыру үдерістерімен байланысты болмауы ceбeпті үлкен кедергіге
кезікті. Содан кейін автомашиналардан астықты сағаттық график
бойынша қабылдау үшін ұйымдастырудың жаңа элементі ретінде
технологиялық
карта жасап, оны жұмыс істегенде басшылыққа ала бас-
тады.
Технологиялық карта астықты кабылдау, оны сыйымдылықтар мен
технологиялық тізбектер бойынша орналастыру, сапасына қарай
тазар
ту, кептіру, сақтау жəне тиеу, тағы басқа өңдеу жұмыстарына
кəсіпорынның техникалық жабдықтарының қуатын толық əpi тиімді
пайдалануға мүмкіндік туғызады. Технологиялық картада əрбір тех-
нологиялық тізбектің техникалық сипаттамасы, оның бір тəулік ішінде
icтей алатын жұмысының көлемi астықтың саны мен сапасына бай-
ланысты анықталады.
Сонымен қатар, технологиялық карта бойын-
ша күнделікті жасалған қабылдау, тазарту, кептіру, орналастыру, тиеу
жұмыстарын тексеріп, кəсіпорында дақылдардың сыйымдылықтар бой-
ынша орналасу жағдайына, оның сандық жəне сапалық көрсеткіштеріне
əр уақытта толық сипаттама беруге болады. Технологиялық карта –
астықты автомобильмен тасымалдаудың сағаттық графигінің негізгі
бөлігі.
Шаруа қожалығы немесе ұжымдарда астықты автомобильдер-
ден қабылдау үшін транспортты бір орталықтан басқару принципі
қолданылды. Бұл үшін
шұғыл штаб құрылып, оны аудандық кеңестің
төрағасы басқарды. Оның қарамағында диспетчерлік шұғыл топ жəне
резервте автомобиль отряды болады.
Аудандық шұғыл диспетчерлік топқа автоколонналар толық
бағынуы керек. Автоколонналар бригадаларға бөлінеді, əр бригадаға
бip тəжірибелі жүргізуші бригадир етіп тағайындалады.
Сменалық тапсырманы диспетчерлік топ қырмандағы астықтың са-
пасына, мөлшеріне жəне ауа райына байланысты анықтап отырады.
Технологиялық карта бойынша астық қабылдайтын кəсіпорындағы
техникалық тізбектер жоспарланған астықты қабылдауға жəне оны
өңдеуге дайындалады. Шаруашылықтағы егін орағының кезінде
қырманда жұмыс атқаратын лаборанттар кəсіпорындарда дайындала-
ды. Осындай жұмыстардың нəтижесінде кəсіпорын мен қырманның
арасында толық ақпараттық байланыс орнатылады.
Сағаттық график бойынша түнгі (екінші) ауысымда астықты ең
178
жақын қырмандардан тасу жоспарланады. Сонымен қатар көптеген
басқа жағдайлар ескеріледі. Олардың қатарына: транспорттың күйi,
жолдың жағдайы,
қырманның техникалық базасы, жұмыс күші, ұйым-
дастыру жұмысы, жиналған астықтың мөлшері, сапасы, т.б. жатады.
График бойынша астықтың 55-60 пайызын күндізгi, ал 40-45 пайызын
түнгі ауысымда тасу керек.
Астықты сағаттық график бойынша тасығанда: қырмандар бойын-
ша тапсырылатын дақылдардың мөлшepi, оның сапасы жəне бекітілген
шаруашылықтардың аттары, қырмандардан кəciпopынғa дейін жет кізетін
жолдар көрсетілген астық тасу сызбасы, автобригаданың марш рутының
кecтeci, автобригаданың қырманға келіп астық алуының жəне оның
кəсіпорындарға өткізу уақытының кестесі, шұғыл штаб мүше лерінің жəне
диспетчерлік топтың кезекшілік графигі сияқты құжаттар керек.
Диспетчерлік топта күнделікті негізгі деректер үш журналға тол-
тырылып отырады. Олар: қырмандағы дақыл түрлері
мен салмағы,
диспетчерлік бұйрықтардың жиыны жəне caғaт бойынша өндіріске
келіп түскен астықтың мөлшері жазылған журналдар.
Сағаттық график бойынша шаруа қожалығы немесе ұжымдардан
кəсіпорындарға астық тасығанда көптеген техникалық-экономикалық
көрсеткіштер:
– автомашиналар саны реттеліп, олардың жұмыс ырғағы жақсарады,
жабдықтардың ceбeпciз тоқтап қалулары азаяды жəне еңбек өнімділігі
20-25 пайызға артады;
– астықтың бірде көп, бірде аз түcyi азаяды жəне белгілі уақыт
аралығында саны бірдей автомашина келіп тұрады;
– астықты
тасымалдау қаркыны жоғарылайды, сөйтіп астықты дай-
ындау уақыты қысқарады;
– кəсіпорындағы құрал-жабдықтар қуатын толық пайдаланудың
арқасында барлық технологиялық операциялар бойынша ыждағаттылық
артады.
Сонымен кəсіпорындарда кешенді шараларды қолдану арқылы,
яғни дақылдардың сапасын егін opaғы басталғанға дейін анықтау,
технологиялық карта жасау, сағаттық тасымалдау графигін құру,
автокөлікті бір орталықтан басқару негізгі қиын проблемаларды
дұрыс шешуге мүмкіншілік берді. Яғни астықты үлкен партияларғa
қалыптастырып, олардың техникалық базасы
мен автокөлікті тиімдi
пайдалануға жол ашты.
Мысалы, осы кешенді шаралардың арқасында Ақмола облысының
Астрахань ауданында автомобильге сұраныс 19, ал Жалтыр элеваторы
179
бойынша 27 пайыз төмендеді. Бip автомобильдің рейс саны орта есеп-
пен, 36 пайызға дейін артты.
Сонымен қатар жүргізушілер саны азайды. Күнделікті түсетін
астықтың мөлшері 28 пайызға артты, технологиялық тізбектердің
жұмыс icтey уақыты eкi есеге дейін ұзарды, бір автомобильдің тер ри-
торияға келіп-кетуі уақыты 32 минуттан 13,6 минутка дейін азайтылды.
Осы торды пайдаланып, əр мекемеде технологиялық карталар
жасалады. Ол кесте түрінде болады. Ол кестенің типінен астықтың
ылғалдылығы,
тазалығы сияқты физикалық, көрсеткіштер, ал
көлденеңінен – технологиялық касиеттерінің көрсеткіштері көрсетіледі.
Осындай топтаудың соңында физикалық көрсеткіштеріне қарай 64-ке
дейін, технологиялық көрсеткіштеріне қарай 72-ге дейін нұсқасы бо-
луы мүмкін. Мұнда əрқайсысының мөлшері бөлек көрсетіледі.
Осы картаға байланысты астық қабылдау мекемесінің барлық
іcтeгeн ұйымдастыру əрекетін анықтауға болады. Бұл кестелерді осы
аймақта есептелетін ең күшті кең тараған танымал сорттың сапалық
көрсеткіштеріне қарай жасаған жөн. Miнe, осы торға байланысты
астықты орналастыру жоспары жасалып, астық құйылады. Оны
жасағанда көпжылдық тəжірибелердің нəтижесін пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: