183
Бидай тегіне 27 түр кіреді. Оның ішінде
ең көп тараған жұмсақ би-
дай (Tritcum aеstivum) eкi түрге бөлінеді: жаздық жəне күздік бидай.
Жаздық бидайды көктемде, күздік бидайды күзде егеді. Күздік бидай
қысы жылы оңтүстік аймақтарға ғана егіледі. Ол аймақтарға Украи-
на, Молдова, солтүстік Кавказ, орталық қаратопырақты аудандар, ал
Қазақстанда – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне
Қызылорда
облыстары жатады. Кейінгі кезде солтүстік облыстар үшін қысқа
төзімді сорттар шығарылып тарай бастады. Күздік бидай барлық би-
дай eгici көлемінің 20-25 пайызын ғана алады. Күздік бидай жаздық
бидайдан гөрі өнімді көбірек береді жəне ерте орылып, күзде себіліп,
ауылшаруашылық кызметкерлеріне бірқатар жеңілдік жасайды.
Жаздық
бидай өте көп тараған, барлық бидай егісінің 75-80 пайы-
зын алады. Əр аймақтың ауа райының жағдайына байланысты əртүрлі
қасиеттері бар, өзi аудандасқан облыстарда, өнімді салыстырмалы
түрде көп беретін сорттар шығарылған.
Күздік жəне жаздық бидайлар бірінен-бірі өзінің өсіп-өну кезеңінін
ұзақтығы арқылы ерекшеленеді жəне олардың өсіп-өнуіне керекті
сапалық кезеңдері де əртүрлі. Күздік
бидай өзінің яровизациялық
сатысының өтуіне төмен температура (0-(-) 20°С) керек етеді жəне ол
саты көп уақыт (60-90 күн) ішінде өтеді. Ал жаздық бидай болса, бұл
сатысын +20°C-қa жақын температурада 5-10 күн ішінде өтеді. Егер
күздік бидай көктемде себіле қалса, ол дəн байламайды, қысқа дейін
өсіп қыстап шығады да, екінші жылы ғана егін береді, ал жаздық бидай
күзде себіле қалса, ол қыста үсіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: