Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жұмсақ жəне қатты бидайдың айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет121/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Жұмсақ жəне қатты бидайдың айырмашылықтары
Белгілері
Жұмсақ бидай
Қатты бидай
Дəннің түсі
Қызыл жəне ақ
Янтарлық сары
Пішіні
Ұзынша дөңгелек, 
дөңес
Ұзыншақ, көлденең 
кесіндісі бұрыштама
Шынылығы
Шыны тəрізді, жарты-
лай шыны тəрізді
Шыны (95пайыз 
шамасында)
Ұрық
Дөңгелек
Ұзыншақ
Сақалшасы
Бар
Жоқ
Ұзынының жалпақтығына 
қатынасы
2:1
3,5:1
Беретін өнімі
Нан
макарон
Осы eкi негізігі түрлерден басқа кездесетін түрлері қос дəнекті би-
дай (полба) (Т. Dicoccum) – eкi дəнді, эммер – масағында eкi қатар ғана 
дəн байланады. Дəні қауызды. Ешқандай аурумен ауырмайды, зиянды 
жəндіктерге төзімді. Көбінесе, мал азығына пайдаланады. Қауызынан 
айырып алу өте қиын.


185
Карамышев бидайы (Т. Kapaмыshewii), колхида полбасы, Грузия би-
дайы — қызыл дəнді ақуызы (орташа 18,8 пайыз), лизині (2,7–2,9 па-
йыз) көп ұстайтын бидай.
Тургидум бидайы (Т. Turgidum), Англия бидайы, ceміз қампиған би-
дай – ылғал сүйгіш, масағы бұтақты, 350-ге дейін ұсақ қысқа дəн береді. 
Орысша «ветвистая», қазақша «бесбас» бидай деп аталып, көп уақыт 
Қарағанды облысының Қоңырат ауданында егіліп келді. Құрғақшылық 
жылы масағы бұтақтай алмай, түciмi азайып кетеді.
Бұлардан басқа Туран бидайы (Т. Turanicum), спелта бидай, бірдəнді 
бидай (Т. Monococum), арарат бидайы (Т. Araraticum) қауызды бидайлар 
кездеседі.
Жұмсақ бидайдың Қазақстанда мынадай түрлері кездеседі. Олардың 
орысша да, қазақша да аттары жоқ, сондықтан тек латын тілінде береміз:
Лютесценс – қылтығы жоқ, масағы ақ, дəні қызыл түсті бидай. 
Жаздық жəне күздік формаларда кездеседі.
Эритроспермум – қылтықты, ақ масақты, қызыл дəнді бидай.
Осы қызыл бидайларға ферригинеум, грекум бидайлары да жатады.
Ақ бидайға альбидум, альборубрум кіреді.
Қазақстанда қатты бидайдың eкi түpi кездеседі. Олар – гордейформе 
мен меланопус бидайлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет