180
– дақылдың сорты, астықтың тип, тармағы, дəннің көлемдік мас-
сасы,
оның шынылығы, сағыздың мөлшері мен сапасы, астықтың
ылғалдылығы мен тазалығы, тағы басқалар.
Элеваторларда үлкен партияларды қалыптастыру үшін:
– ең алдымен, астықты стандартқа сəйкес 4
топқа бөліп қабылдау;
–
ылғалдық топтардың ішінде астықтың тазалық межелерін еске
алып топтау;
– астықты тазалау, кептіру үдерістерін оның пайдаланылатын орын-
дарына қарай жүргізу;
–
осы арнайы үдерістерден кейін көптеген сапалық қасиеттері
біркелкі бірімен-бipiн біріктіруге
келетін партиялар алу; осы жүргізіл-
ген жұмыстардың арқасында астықтың сапасы бірдей кішігірім парти-
яларын қалыптастырып, мүмкіншілігі болғанша үлкен партиялар жасау
сияқты принциптерді пайдаланған жөн.
Үлкен астық партияларын жасағанда ең басты көрсеткіш ретінде
астықтың технологиялық қасиеттері алынады. Үлкен партияларды
қалыптастыру төмендегі тəртіп бойынша жүргізіледі:
1. Астықты,
мысалы бидайды, оның көлемдік мөлшеріне қарай 4
топқа бөледі – 1. 785 грамнан жоғары, 2. 765 – 785 г/л, 3. 725 – 765 г/л,
4. 725 г/л-ден төмен. Осы ажыратылған төрт топтың əрқайсысын оның
шынылығына қарай үш кіші топтарға бөледі – 2. Шынылығы 60 па-
йыздан жоғары, 2. 40 – 60, 3. 40 пайыздан төмен. Осы кіші топтардың
əрқайсысы сағыздың сапасына қарай
екі
(I жəне II) топқа, ал олардың
өзін оның мөлшеріне қарай: 30 пайыздан жоғары (Қазақстанда
ерекше
40-тан жоғары жəне 32-ден жоғары), 26,0-29,9, 20,0-25,9 пайызға дейін
жəне 20,0 пайыздан төмен деп бөледі.
Осы топтардың арқасында көлемдік мөлшердің əр тобында 18 кіші
топ пайда болады. Бұлар өзара үш үлкен партияға жіктеледі: 1. күшті
бидай немесе нандық қабілеті өте жоғары; 2. орташа; 3. таза күйінде
нан өндірісінде жарамсыз, күші нашар немесе сапасы төмен партия-
лар тобы. Бұлардың өзінде əртүрлі сорттар, типтер,
көлемдік өлшемдегі
топтар қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: