Бақылау сұрақтары:
1. Барлық ауылшаруашылығы дақылдарының ішінде бидайдың
үлесі қандай?
2. Астықтың сапасы дегеніміз нені қамтиды?
181
3. Астықтың басқа ешқандай тамақ өндірісінде пайдаланылатын
шикізаттардан ерекшелігі неде?
4. Қоймадағы астықтың сапасын төмендетпей, толық сақтау үшін
қандай шаралар іске асырылуы керек?
5. Астықтың өз-өзінен қызып, бұзылуына не себеп?
6. Астықты комбайнмен тікелей бір фазада орып-жинау əдісінің
артықшылықтары мен кемшіліктері.
7. Ору мен бастыру жұмыстарын екі бөлек жүргізу əдісінің
артықшылықтары мен кемшіліктері.
8. Астықты үшфазалы орып-жинау əдісі.
9. Индустриалды орақ технологиясы.
10. Жоғары ылғалды астықты үймекке салып бастыру технология сы.
11. Контрактациялық келісімшарт дегеніміз не?
12. Автомашиналармен астықты тасуды ұйымдастыру сызбасы.
13. Технологиялық карта не үшін қажет?
14. Астықты сағаттық график бойынша тасығанда қандай құжаттар
керек?
15. Диспетчерлік топта күнделікті негізгі деректерді енгізу үшін
қанша жəне қандай журналдар толтырылады?
16. Шаруа қожалығы немесе ұжымдардан сағаттық график бойынша
кəсіпорындарға астық тасығанда қандай көрсеткіштер жақсарады.
17. Үлкен астық партияларын құру кезінде астықтың қандай сапа
көрсеткіштері анықталады?
18. Элеваторларда үлкен астық партияларын қалыптастыру үшін
қандай принциптер қолданылады?
19. Үлкен астық партияларын құру кезінде ең басты көрсеткіш
ретінде нені қабылдайды?
20. Сағыздың мөлшеріне қарай астықты неше топқа бөледі?
182
Достарыңызбен бөлісу: |