167
Дəнді қосындылардың мөлшері тұрақты шектен қанша пайыз
жоғары болса, оның əр пайызына 0,1 пайыз ақша ұсталады, ал одан кем
болса, есепке алынбайды.
Көлемдік мөлшердің тұрақты шектен жоғары əр 10 грамына 0,1
пайыз үстеме ақша қосылады, ал одан кем болса, сол мөлшерде ақша
ұсталады.
Егер астықтың ылғалдылығы мен шөп-шалаң қосындыларының
мөлшері тұрақты шектен жоғары болса, оны тазалау жəне кептіру
ақысы үшін олардың əр артық пайызына 0,3 жəне 0,4 пайыздан ақша
ұсталады.
Астық өткізушілер мен астық қабылдау мекемелері экономикалық
ынталандыру мақсатымен күшті жəне қатты бидайға үкімет қаулысына
сəйкес 1 класты қатты бидай 700, екінші класс – 580, үшінші класс
– 500, класқа жатпайтыны – 300, бірінші класс аса күшті жұмсақ би-
дай (маңызы 32 пайыздан жоғары) – 500, екінші класс – 400, үшінші
класс – 300, төртінші класс – 235, осал бидай – сəйкесінше бағалармен
қабылданады.
Күшті бидай сорттарының тізімі жыл сайын үкімет денгейінде
қаралып бекітіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: