Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет107/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

9-тарау
АСТЫҚТЫ СТАНДАРТТАУ ЖƏНЕ 
МАИ-ДЫҢ ЖҰМЫСЫ
9.1. Стандарт жайында жалпы түсініктер
Халықты жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз ету – ең негізгі 
кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде 
астық жəне оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға 
қойылған шартқа сəйкес болуы керек. Ол шарт мемлекеттік стандарт-
тарда (Мем. СТ-тарда) көрсетілген. Жоғары сапалы астықтан жоғары 
сапалы өнімдер алынады жəне одан түскен түсім де көп болады. 
Сондықтан стандарт халық шаруашылығында маңызды рөл алады. Сол 
арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байла-
нысады. Міне, сондақтан мемлекет көлемінде астықтың сапасы қатал 
тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт 
арқылы жүргізіледі. Стандарт деген сөз ағылшынның «standart» – нор-
ма, өлшем деген сөзінен шыққан. Стандарт халық шарушылығының 
барлық салаларына бірдей міндетті талап шарт. Ол барлық астықты 
өзінің сапасына қарай тиімді пайдаланып, одан барынша көп жəне 
жақсы өнімдер алуға арналған. Бұл өте қатаң заң. Оны бұзған адам 
немесе мекеме заң алдында жауап береді. Барлық жерде оны баспа-
ханада басылып шыққан түрінде пайдалану керек, яғни көшірмесін 
пайдалануға болмайды.
Стандарт тауардың сапасын, оны сақтау, өңдеу жөніндегі барлық 
шарттарды, түсініктерді қарастырады.
Стандартты халық шаруашылығы мен ғылымның ең соңғы 
жетістіктерін пайдалана отырып жасайды. Оны жоғары үкімет орган-
дары бекітеді.
Осы стандарттардың арқасында жыл сайын үкімет қорына түсетін 
миллиондаған тонна астықты бірімен-бірін қосып, топқа бөліп сапалық 
партиялар жасауға мүмкіндік туады жəне тамаққа жарамсыз астық бол-
са, оны қай салада пайдалануға болатынын анықтайды. Сөйтіп стандарт 
халықтың да, мемлекеттің де қамын бір орталыққа ұйымдастыратын 
құжат болып саналады. Ол – барлық астықты өз орнында тиімді 
пайдаланудың кілті.


159
Бірінші стандарттар Ресейде өткен ғасырдың 80-жылдары шет 
мемлекеттермен сауда-саттық жасау басталғаннан кейін ғана іске 
аса бастады. Онда бұл ұғым тек қана шетелге сатылатын астыққа 
ғана қолданылып жүрді, ал 1923 жылдан бастап өз ішіміздегі халық 
шаруашылығының барлық мекемелерін бірімен-бірін тоғыстыру 
үшін кең қолданыла бас тады. Сол жылы мемлекеттік астық инспек-
циясы ұйымдастырылды.
Қазіргі стандарттарды жəне оны басқаруды Мемлекеттік техникалық 
реттеу комитеті (МЕМСТАНДАРТ) атқарады. Ол стандарт жасауды, 
оны енгізуді жəне оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етеді.
Стандарттар өзара категория жəне түрлерге бөлінеді. Категорияға 
мемлекеттік стандарттар (ГОСТ, МемСТ), салалық (ОСТ, ССТ), 
республикалық (РСТ), мекемелік (МСТ) жəне технологиялық шарт (ТШ) 
жатады. Мемлекеттік стандарттар ТМД елдерінің барлық аймақтарында 
бірдей пайдаланылады. ОСТ – тек осы салада, РСТ – тек республика 
көлемінде, МСТ – тек осы мекемеде ғана қолданылады, ал ТШ (орысша 
технические условия, ТУ) болса, ол мемлекеттік стандарттың бір тара-
мы ретінде, оның кейбір тармағын, əр жеке аймақтың жағдайына қарай 
бөлек-бөлек шарттарды қолдануды қарастырады.
Стандарттардың түрлеріне техникалық талаптар, астықтың сапасын 
анықтау ережелері, т.б. түрлері кіреді.
Астықтың əр аймақтағы əртүрлі сапасына, оның пайдаланыла-
тын саласына байланысты көптеген стандарттар жасалған. Олардың 
түрлері ГОСТ-та жəне осы оқулық авторларының «Астық сапасын стан-
дарттау» кітапшасында берілген. Олардың бəрін түгел жазып жатуға 
мүмкіншілік жоқ. Тек бір ғана бидайға жасалған стандартпен танысты-
рамыз, ал əр жасалған стандарттың негіздері 
11-тарауда
беріледі.
С 12 тобы
ГОСТ 9353-85
1985 жылы 29 сəуірде бұрынғы мемлекеттік стандарт комитетінің 
№60 қаулысымен бекітілген (бұл шарттың орындалуы заң жүзінде 
қаралады).
Бұл стандарт үкіметке тапсырылатын жəне мал жеміне, құрама жем-
дер жасауға пайдаланылатын бидайға арналған. 


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет