155
қышқыл заттардың бəрі дəннің ылғалдылығы
көбейген жағдайда пайда
болады.
Өсімдік майы, арахистың майынан басқасы, барлық уақытта
сұйық болады. Сұйық майдың құрамында көптеген шынықпаған,
қос байланыс
ты май қышқылдары болады. Олардың саны бір май
молекуласының құрамында бірден үшке дейін болуы мүмкін.
Қос бай-
ланыстар өзіне оттегін қосып алып, – R ∙ R,R ∙ R май тотықтарына не-
месе R ∙ COOH қышқылына айналады. О – О – О май қышқылдары
тотыққан кезде қышқыл немесе ащы дəмді, сасық иісті заттарға айна-
лады.
Майдың қышқылдығы май өнеркəсібі мекемелерінде ВНИИЖ
тəсілімен майды негіздермен титрлеу арқылы анықтайды.
Жақсы
сақталған жаңа дəннің алынған қышқылдығы əр уақытта төмен болады.
Күнбағыс майының қышқылдық саны 2,25 мл КОН-нан артық болмау
керек. Егер одан көп болса, оны рафинирлайды, яғни майдан басқа зат-
тарды түгел бөліп алады. Майдың қышқылдығынан басқа,
оның сапа-
сын – иісін, өңі-түсін, дəмін, мөлдірлігін, түбінде қалатын шөгіндісінің
көлемін сенсорлық көз мөлшерлік əдіспен анықтайды.
Майдың ішінде аздаған еріген су болуы мүмкін. Ол май емес
қоспалармен химиялық байланыста болады. Оның мөлшері 0,05 – 0,3%
шамасында болуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: