Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет77/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Бидайдың беріктігінің көрсеткіші
Бидайдың 
беріктігі
Ылғалдығы, 
пайыз
Ұсатуға жұмсалған энергия, н/см
2
Қысуға
Жонуға
Кесуге 
Қатты бидай
13,1
1069
1158
814
853
706
735
Жұмсақ 
шыны бидай 
13,7
1275
794
725
1084
696
657
922
481
451
Жұмсақ ұн 
тəріздес 
бидай
14,3
1187
637
608
981
432
539
643
304
363
Шынылық бидайдың барлық механикалық қасиеттеріне кепіл бола 
алмайды. Зерттеуші К. Данилина 65 пайыз шыны дəннен тұратын 
жұмсақ бидайға 30 пайыз қатты бидай қосып ұн тартқан. Оны осындай 
шынылығы бар жұмсақ бидайдан ұн тартқандығы жұмсалған энергия-
мен салыстырған. Сондай екі қоспадан тартылған ұнға 20-25 пайыз 
энергия көп жұмсалған. Демек, бидайдың қаттылығының əсері көбірек 
болғаны.
Астықтың ылғалдығы өскен сайын оның жаншуға тұрақтылығы, 
созымдылығы, серпімділігі ұлғайып, оның мықтылығын одан əрі 
күшейтеді, яғни оны ұнтақтауға кететін энергияның шығыны көбейеді, 
ал температура болса керісінше, олардың омырылғыштығын көбейтеді 
де, ондайдан оңай ұнға айналады.
ВНИИЗ де астықтың механикалық қасиеттерін, əр дəннің 
қаттылығымен қатар оның ішінде əртүрлі мүшелерінің қаттылығын 
ғалымдар Т. Хрущев пен Щ. Берковичтің ПМТ – 3 аспабымен 
өлшейді.
Қаттылық деген сөзді бір затқа екінші заттың кіруіне қарсы тұра 
білуі деп түсінсек, эндоспермнің қаттылығы 39-дан 167 н/мм
2
-қа 
дейін өзгереді. Дəннің ортасы оның шеткі қабаттарына қарағанда, ал 
шыны дəн ұн тəріздес дəнге қарағанда екі есе қаттырақ болады. Ал 
қабыршақтарының қаттылығы эндоспермнің қаттылығынан əлдеқайда 
төмен, бірақ олар сынбайды, созылғаш, серпімді келіп, ұн болып 
ұнтақталмайды, сондықтан да кебек ретінде бөлініп шығады.


118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет