7.4.13. Астықтың механикалық қасиеттері Жоғарыда көрсетілгендей, дəн ұн тарту, жарма жасау өндірістерінде
неше түрлі механикалық əрекеттерге ұшырайды. Міне, осы əрекеттерге
шыдай білу, оның қабығын аршу, тегістеу, ұсату үдерістеріне өзінің
қарсылығын көрсетуін, өзінің пішінін азды-көпті сақтай білуін
астықтың механикалық қасиеті деп атайды. Бұл қасиетті анықтау үшін
анизатропия түсінігімен танысайық.
Анизатропия деп астық дəнінің əртүрлі бағытқа қарай өз қасиеттері-
нің əртүрлі жайылу құбылысын айтады. Міне, осы құбылыс дəннің
механикалық қасиетін анықтауға өте керек. Дəннің химиялық құрамы
əртүрлі болғандықтан, оның əртүрлі тканьдарының əртүрлі қасиеттері
болатынын да ескере отырып, астықтың механикалық қасиеттерін көп
салалы тəжірибелер арқылы, көптеген заттардың қасиеттік қоспасы
ретінде қараған дұрыс.
Ұн тартқанда оған кететін барлық энергияның 50-70 пайызы астықты
үгітуге жұмсалады. Егер біз əр дəннің əртүрлі қаттылығы, серпімділігі
сияқты кейбір механикалық қасиеттерін еске алмасақ, онда ең алды-
мен, дəннің беріктігін немесе дəннің механикалық ұсатуға қарсы тұра
білу қабілетін жақсы ұға білуіміз керек. Мұнда қаттылық пен беріктік
деген сөздердің мағынасын жақсы түсінген дұрыс.
Астықтың беріктігін массасы 3 кг орташа сынаманы
зертханалықжаныштаушы станокта ұн тартып, оны елеуішпен елейді.
Осыған жұмсалған жұмыс көлемін астықтың беріктігі деп атайды.
Астықтың беріктігі оның құрылымына, ылғалдылығына, темпера-
турасына, түрлілік жəне сорттық қасиеттеріне, жер қыртысының
құнарлылығы мен ауа райының жағдайына байланысты өзгеріп тұрады.
Шыны тəрізді дəн берік болады да, одан ұн тарту үшін көбірек энер-
117
гия жұмсауды керек етеді. Мұны ғалым Д. Гиршсон жасаған кестеден
көруге болады.
13-кесте