Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астықтың аэродинамикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет79/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

 Астықтың аэродинамикалық қасиеттері
Дақылдар Қарсыласу 
коэффициенті
Шарықтау 
жылдамдығы, м/с
Бидай 
0,084 ± 0,265
8,9 ± 11,5
Арпа 
0,191 ± 0,272 
8,4 ± 10,8
Жүгері 
0,162 ± 0,236
12,5 ± 14,0
Сұлы 
0,169 ± 0,300
8,1 ± 9,1
Тары 
0,045 ± 0,073
6,7 ± 8,8
Қарақұмық
-
4,4 ± 8,0
Бұршақ 
0,190 ± 0,229
15,5 ± 17,5
Жасымық 
0,359 ± 0,601
8,3 ± 9,8
Астықтың міне, осы көрсетілген аэродинамикалық қасиеттерін пай-
далана отырып, оның ішінде болатын дəнді жəне басқа да шөп-шалаң 
қалдықтарын тазалауға болады. Неге десеңіз, олардың əрқайсысының 
шарықтау жылдамдығы əртүрлі.
7.4.15. Астықтың зиянды жəндіктері
Жақсылап тазалап дайындалмаған қоймаларды астық сақтаған 
кезде онда көптеген астық жейтін зиянды жəндіктер, кенелер жəне 
басқа да құрт-құмырсқалар көбейіп кетеді. Олар астыққа көп зиян 
келтіреді, астықты жейді, өздерінің қалдықтары – өліктері, балапан-
дар, нəжістерімен былғайды. Осыдан барып иіс-қоңыстан басқа да, 
астықтың ылғалдығы ұлғайып, онда микроағзалардың пайда болуына 
əкеліп соғады. Егер бидайдың ішінде осы жəндіктер болса, онда одан 
алынған ұн да кеселді болады. Ұнның шығымы азаяды, түсі қоңырқай 
тартып, кебегі көбейеді. Мұндай ұнда күл беретін минералдық 
заттардың саны көбейеді.


120
Астық қоймаларында көзге көрінетін жəндіктерден басқа да, дəннің 
ішінде болатын көзге көрінбейтін ұзынтұмсық қоңыздардың бо-
луы мүмкін. Осындай көзге көрінбейтін жəндіктермен зақымданған 
дəннің саны 1 кг астықтың ішінде 7-ден 20-ға дейін болса, олар екі 
айдың ішінде 2 пайызға жақын астықты жеп құртады. Осыны ескеріп, 
стандартта астық қоспаларында кене мен ұзынтұмсық қоңызға шек 
қойылған. Осы шектен асып кетсе, оны тамаққа пайдалануға болмай-
ды. Егер осы жəндіктер өте көбейіп кетсе, астықтың улануы да мүмкін. 
Ұзынтұмсық қоңыздар, өздерінің астықты жеп азайтуымен қатар, олар 
кантаридин деп аталатын жара шығаратын заттар бөледі де, астықты 
тамаққа немесе мал жеміне жарамсыз етеді. 
Астықты тамақ өнеркəсібінде немесе жемге пайдаланар алдында, 
оны елеп ішіндегі тірі зиянды жəндіктердің санын, балапан құртын 
анықтайды. Зақымданған астықта несеп қышқылын анықтау тəсілі 
өріс алып келеді. Бұл қышқылдың мөлшері астықтағы тірі жəне өлі 
жəндіктердің санына пара-пар екені анықталған. 
Астық кенелерінің өздерінің жегенімен тұрмай, олар көптеген шірік 
бактерияларының, көгертетін саңырауқұлақтардың көбеюіне қолайлы 
жағдай туғызады. Бұлардың бəрі адам өміріне өте қауіпті.
Барлық астық қоймаларында жылда бір рет алдын ала осы жəндік-
терге қарсы шаралар қолданылады. Ол үшін адам денсаулығына зияны 
жоқ химиялық ұшқыш улы заттар қолданылады. Олардың қолдану тех-
нологиясы мен улы заттардың түрлері «Астық сақтау» пəнінде беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет