Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет202/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

126-сурет. Капуста киласы

Залалданған өсімдікте жанама тамырлардың аз түзілуіне бай- ланысты, оның су мен минералды заттарды сору қабілеті жəне


түтіктермен жылжуы төмендейді. Күннің ыстық мезгілінде төмен- гі жапырақтары солып, өсімдік топырақтан оңай суырылады.
Қолайсыз жағдайда саңырауқұлақ денесі (плазмодий) жеке тү- йіршіктерге бөлініп, əр бөлігі қалың қабықпен жабылып, тыныштал- ған споро – цистаға айналады. Қоздырғыш 18-20оС температурада, 80-90% топырақ ылғалдылығында жəне қышқыл ортада (рН 5,5- 6,3) жақсы дамиды. Топырақ микроорганизмдерінің əсерінен та- мырдағы бұлтықтар мен ісіктер ыдырап, цисталар босап, топы- раққа түсіп, 4-5 жыл, кейде одан да ұзақ сақталады. Капустадан басқа да патоген крестгүлділер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктерді залалдайды. Ауру қоры жылыжай, көшетхана, егістік топырақтарында жəне өсімдік қалдықтарында сақталады.
Бұл ауруға жас жəне өсіп-өркендеген өсімдіктер шалдығады. Ауру өсімдіктердің тамырларында жеке ісіктер мен бұлтықтар пайда болып, олар бір-бірімен қосылып, кейде тамыр жүйесін түгел қамтиды. Көшеттерде бұлтықтар мұқият қарап тексергенде көрінеді, ал өсіп-өркендеген ауру өсімдіктердің жапырақтары ашық-жасыл немесе сарғыш түсті болып, кейін салбырап, қауданы жетілмейді. Егер ауру қарқынды дамыса, онда өсімдік қауданы мүлдем бай- ланбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет