Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-сурет. Телиоспоралардан өнген базидиоспоралар



бет70/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
33-сурет. Телиоспоралардан өнген базидиоспоралар

Олардың пішіні алуан түрлі. Гаплоидты базидиоспоралар өніп, бір-бірімен қосылып, дикариоттық жіпше түзеді де, өсімдікті за- лалдап, оның ішінде дамиды. Гаплоидты мицелий өсімдік ұлпасы- на енгенімен оны залалдамайды. Өсімдікті дикариоттық мицелий залалдайды.


Телиоспора кариогамия үдерісінде диплоидты зиготаға айна- лады да, ол өніп мейоз нəтижесінде ядролар гаплоидтанып бази- дияға кейіннен базидиоспораға өтеді. Сонымен қатар қара күйе саңырауқұлақтарында гаплоидты, дикариотты жəне диплоидты ке- зеңдер болады. Кейбір қара күйе саңырауқұлақтарының базидио- споралары бүршіктеніп бөлініп, əрбір үдерісте қатысады.
Қара күйе саңырауқұлақтары белгілі өсімдік түріне бейімдел- ген. Ұзақ уақытқа дейін жас ұлпалардың өсуіне əсерін тигізіп, нə- тижесінде ұлпалар еріксіз өсіп ісіктер, бұлтықтар пайда болады, репродуктивті мүшелер орнына вегетативті мүшелер құрылып, тү- йін саны көбейеді. Кейін өсімдік ұлпасы бұзылып, телиоспоралар түзіледі. Қара күйе саңырауқұлақтарының 1000 жуық түрлері бар.
Олар базидиялардың құрылысына жəне орналасуына байла- нысты устилягина (Ustilaginaceae) жəне тиллеция (Tilletiaceae) бо- лып 2 тұқымдасқа бөлінеді.
Устилягина тұқымдасы – Ustilaginaceae. Бұл саңырауқұлақтар- дың базидиясы төртклеткалы, əр клеткада бір базидиоспора түзі- леді. Тұқымдаста 20 жуық туыстар бар.
Ustilago ең көп таралған туыс. Телиоспоралары майда, түсі қо- ңыр, тегіс немесе тікенекті, қалың қабықты. Дəнді дақылдардың қара күйе ауруын қоздырады. Өсімдікті тұқымның өнуі немесе гүлденуі кезінде залалдайды. Бұл саңырауқұлақтар бидайдың то- заңды (U. tritici Jens), сұлының тозаңды (U. avenae Jens) жəне қатты (U. laevis Magn.), арпаның тозаңды (U. nuda Kell. et Swing) жəне тас- ты (U. hordei Kell. et Swing), жүгерінің көпіршік (U. zeae Unger) қара күйелерін қоздырады.
Sorosporium туысына жататын саңырауқұлақтардың телиоспо- ралары алғаш шырышты затпен қосылып түйіршіктеніп кейін спо- ралар жетілгенде шырыш кеуіп, түйірлері ыдырайды. Бұларға жү- герінің тозаңды қара күйесі S. reilianum McAlp. қоздырғышы жата- ды.
Sphacelotheca туысының споралары алғаш жіпшелер мен өсім- дік ұлпасынан тұратын сыртында қабығы болады, кейін қабығы жарылып шаңданған споралар босайды. Оған тары қара күйесінің қоздырғышы – S. panici-miliacei Bubak жатады.
Тиллеция тұқымдасы – Tilletiaceae. Саңырауқұлақтың базидия- лары бір клеткалы, базидиоспоралары базидия төбесінде шоқта- нып пайда болады. Tilletia туысының споралары ірі, жеңіл, тозаң- ды, балық иісті болады. Бұл туыстың түрлері бидайдың қатты (T. caries Tul.), ергежейлі (T. controversa Kuehn.), қара бидайдың қатты (T. secalis Kuehn.) қара күйелерін қоздырады.
Urocystis туысы саңырауқұлақтары өсімдіктің вегетативті мү- шелерін залалдайды. Телиоспоралары түйінге жиналған, ортасын- дағы бір-екі ірі, қоңыр түсті, ал шеткі споралары түссіз, майда болады. Тек қана орталық споралар өнеді. Бұл туыстың түрлері қара бидай (U.occulta Rab.) мен бидайдың сабақ қара күйелерінің (U. tritici Koern.), пияздың (U. sepulae Frost) қара күйесінің қоздыр- ғышы. Жабайы дəнді дақылдарда Entyloma туысы ауру туғызады.
Қара күйе саңырауқұлақтары тар шеңберге жататын өсімдік- терді залалдайды, əр түрінің өзіне тəн биологиялық ерекшеліктері бар, соған байланысты күресу шаралары да əртүрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет