Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет71/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
Пысықтау сұрақтары

  1. Базидиомицеттер класы саңырауқұлақтарының негізгі споралары жəне олар қайда түзіледі?

  2. Базидия деген не, олардың құрылысы мен түрлері.

  3. Холобазидиомицеттер класс тармағы саңырауқұлағының базидио- споралары қайда түзіледі?

  4. Телиобазидиомицеттер класс тармағы саңырауқұлақтарының па- разиттілік типі, туғызатын негізгі аурулары.

  5. Қара күйе ауруларының қоздырғыштары өсімдіктің қандай мүше- лерін залалдайды?

  6. Қара күйенің қандай түрлері жəне ауру белгілері бар?

  7. Қатты жəне тозаңды қара күйе қоздырғыштарының даму цик- лінде қандай ерекшеліктер бар?

Тат қатары (Uredinales)


Бұл саңырауқұлақтар нағыз паразиттер, тар шеңбердегі өсім- діктерді залалдайды. Жіпшумағы эндофитті, даму циклы күрделі. Даму циклының 3 кезеңінде 5 түрлі споралар түзіп, олардың əр- қайсысы рим əріптерімен белгіленеді.


0 – спермагоний мен спермациялар І – эций мен эциоспоралар
ІІ – урединий мен урединиоспоралар ІІІ – телий мен телиоспоралар
IV – базидия мен базидиоспоралар

Базидиоспоралар, эциоспоралар, урединиоспоралар өсімдіктер- ді залалдайды. Телиоспоралар саңырауқұлақтың қолайсыз жағдай- да сақталуына, яғни қыстауында маңызы бар. Көктемде телио- споралар өніп базидия түзеді, ал базидиоспоралары гаплоидты жіпшеге дамып, олардан гаплоидты спермациялар мен рецептивті жіпшелер жынысты түзіледі. Спермациялар аталық гамета орнына жүріп рецептивті (қабылдағыш) жіпшелерді ұрықтандырады, бірақ бұл жіпшелер өсімдіктерді залалдамайды. Олардан дикариотты жіпшелер пайда болып, кейін эцийлер түзіліп, онда бір клеткалы эциоспоралар пайда болады (34-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет