47-сурет. 1 – дақтар, 2 – солу, 3 – ісіктер, 4 – шіру
өсімдіктің паренхималық ұлпасының залалдануы – дақтар;
өсімдік түтіктерінің залалдануы (трахеобактериоз) – солу;
ісіктердің түзілуі;
аралас белгілер.
Бактериоз ауруларында өсімдік жүйелі немесе жергілікті залал- данады. Аурудың жалпы түрінде түтік жүйесі залалданған өсімдік
солып, кейін оның тіршілігі жойылады. Ал жергілікті залалдануда өсімдіктің жеке бөлігі немесе мүшесі ауруға шалдығады (48-сурет).
48-сурет. Бактериоздардың сыртқы белгілері
Өсімдіктің паренхималық бөлігі залалданғанда шіріктер немесе түрлі некрозды дақтар түзіледі. Тамыржемістер, түйнектер, тамыр- лар залалданғанда шіріктер (көбінесе сулы шіріктер) дамиды да, бактерияның əсерінен осы мүшелер түгел шіріп (жалпы), жағым- сыз иісті қойыртпаққа айналады. Жергілікті шірікте өсімдік мүше- сінің жеке бөлігі немесе ұлпа тобы шіриді. Мысалы, өрік жемісі- нің шірігі – Bacillus mesentericus.
Некроздар өсімдік мүшелерінде, көбінесе жапырақ пен жемісін- де түрлі дақтар немесе күйік түрінде білінеді. Күйікте залалданған өсімдіктің жапырақ, гүл бүршіктері немесе жас жапырақтары, гүл- дері қарайып, жансызданады (жеміс дақылдарының бактериялы күйігі – Erwinia amylovora, қиярдың бұрышты бактериозы – Pseu- domonas lachrymans).
Фитопатогенді бактериялардың жиі таралған түрлері (8-кесте).
Өсімдік түтіктері залалданған жағдайда бактериялармен немесе олардың тіршілігінде пайда болған заттармен өсімдіктің түтік жү- йесі тығындалып, өсімдік түгел немесе оның жеке мүшелері солып қалады (картоптың сақиналы шірігі – Clavibacter sepedonicum).
Кейбір бактериоздарда өсімдіктің жер асты жəне жер үсті бө- ліктерінде ісіктер түзіледі. Ісіктер түзілуіне байланысты əртүрлі (рак жəне туберкулез ісіктері) болады.
Рак ісіктері бактерия əсерінен өсімдік клеткасының қарқынды бөлінуінен түзіледі (тамыр рагы – Agrobacterium tumefaciens). Ісік ішінде түзілген қуыс бактериялы шырышпен толы болады (қызыл- ша туберкулезі – Pseudomonas beticola).
Фитопатогенді бактериялар көбінесе аурудың аралас сыртқы белгісін көрсетеді, яғни бір қоздырғышпен залалданған өсімдікте
ауру əртүрлі білінеді. Мысалы, қызанақтың бактериялы рагында (Clavibacter michiganensе) сабақ, жапырақ, жемісте дақтылық пайда болып, өсімдік солады. Бұл ауруда өсімдіктің түтік жүйесі жəне паренхималық мүшелері залалданады.
Достарыңызбен бөлісу: |