Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет162/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

96-сурет. Гоммоз
Кесел вегетацияның барлық кезеңінде өсімдіктің жер үсті мү- шелерінде білінеді.
Тұқым жарнағында майда, дөңгелек, майлы түсі қошқыл-жасыл дақтар пайда болады. Дақтар ұлғайып, бір-бірімен қосылып, кей- де тұқым жарнағы бетін түгел алады. Залалданған ұлпалар қоңыр- ланып қурап, түсіп, өсімдік түгел қурайды.
Жапырақ бетінде бұрышты, майлы, қошқыл-жасыл дақтар тү- зіледі. Дақ беті шырыштанып кеуіп қабыршақтанады. Егер жапы- рақ жүйкесі залалданса, онда жүйкені бойлап шырыш бөлінеді. Жапырақтан кесел сағағына, кейін өсімдік сабағына көшеді.
Сабақ гоммозы аса зиянды. Бактериялар гүл сағағы мен мен гүл табанына одан əрі қауашаққа жылжып, мақта талшықтарын за- лалдайды. Сабақтағы дақтардың пішіні мен көлемі əртүрлі. Дақтар кейде сабақты түгел орайды. Бұл жағдайда сабақ қисайып, сынады да өсімдік қурайды. Гоммозға өсу нүктесі шалдығуы мүмкін. Ауру- дың бұл түрінде негізгі сабақ дамымай ергежейлі болып немесе қа- райып қурайды. Дақ шетіндегі ұлпалар дөңестеніп өседі де, сабақ шытынайды.
Қауашақ бетінде қошқыл-жасыл майлы дақтар түзіліп, кейін сəл ішке қарай басылып, ойық жара пайда болады. Ерте (жас кезінде) залалданған қауашақтар өспей, сұрланып қурайды. Дақ тұсында мақта талшығы қоңыр-сары түсті болып, бір-біріне жабысып қат- ты түйіндер құрып, қауашақтар ашылмауы мүмкін, кейде талшық- тар мүлдем түзілмейді. Қауашақ кейде қисайып өседі, себебі оның ауру бөлігі өспей кеуіп, ал сау жағы өсе береді. Қатты залалданған қауашақ ашылмай үзіліп түсіп, тұқымдардың өнуі төмендейді.
Пысықтау сұрақтары

  1. Вертициллезды солу (вилт) ауруының қоздырғышы қандай саңы- рауқұлақ, дамуында қандай споралар, түзілімдер түзеді, олардың өсіп- өркендеуіне қолайлы жағдайлар? Қоздырғыш өсімдікті қалай залалдап таралады? Аурудың сыртқы белгісінің білінуі жəне оның зияндылығы. Инфекция қоры қайда сақталады?

  2. Фузариозды солу ауруын тудыратын қоздырғыш қандай жағдайда жақсы дамиды? Қоздырғыштың өсімдікке енуі, аурудың сыртқы белгі- лері. Фузариозды жəне вертициллезды солудағы айырмашылықтар қан- дай? Инфекция қоры қайда сақталады?

  3. Гоммозды қоздыратын бактерия қандай температурада жақсы дамиды? Бактериялардың өсімдікке енуі жəне залалдайтын органдары. Аурудың сыртқы белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет