Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет160/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Фузариозды солу. Ауру қоздырғышы – Fusarium oxysporum Schl. f. vasinfectum Snyder et Hansen саңырауқұлағы (95-сурет). Қоздырғыш жіпшумағы түссіз, перделі, өсімдік түтікшелерінде дамиды. Микроконидиялары бір клеткалы майда, эллипс тəрізді, түссіз. Макроконидиялары орақ тəрізді, үш перделі, көлемі 33-43 х 4,2-4,5 мкм. Хламидоспоралары бір клеткалы, қалың қабатты температураның күрт өзгеруіне төзімді.


95-сурет. Фузариозды солу

Саңырауқұлақ 10-35°С температура аралығында дамиды, бірақ оның қарқынды дамуы 18-27°С температура мен 40-70% ылғал- дылықта өтеді. Қоздырғыш ылғалдылық 20% төмен 80% жоғары жағдайда өсуін тоқтатады.


Бұл саңырауқұлақ алғаш өсімдік қалдығында жіпшумақ түзіп, кейін топырақта сапрофиттерше өмір сүруі мүмкін. Топырақтан өсімдікке саңырауқұлақ тамыр жарақаттары немесе кутикула ар- қылы еніп, оның барлық мүшелеріне (сабақ, жапырақ, жеміс саға- ғы, тұқым) түтіктерімен тарайды. Аурудың негізгі қоры – тұқым жəне залалданған өсімдік қалдықтары. Қоздырғыш қолданылатын құралдар, су жəне т.б. арқылы да таралуы мүмкін.
Өсімдік бұл кеселге барлық өсу кезеңінде шалдығады. Өскін кезеңінен нағыз жапырақтары түзілгенге дейін ауру қарқынды дамып, кейін саябырлап, өсімдіктің гүл түйіні байланғанда қайта өршіп, вегетацияның соңына дейін тарай береді.
Жапырақ бетінде алғаш майда сарғыш дақтар түзіліп, ұлғайып, жапырақты түгел алады. Жапырақ солып, кеуіп түседі, ал жас өсімдіктер қурайды.
Залалданған жас өсімдіктердің тамыр мойны ұлпалары қалың- дап, буынаралықтары қысқарып, жоғарғы бөлігінде жаңа шыққан жапырақтары қыртыстанады. Гүл түйнегі байланған кезеңде за- лалданған өсімдіктің жапырақтары, түйіндері, гүлдері түсіп, са- бақтары қурайды. Қауашақтану кезеңінде залалданса, онда ол ашылмай, сабағы күңгірттенеді. Кейде жаз ортасында немесе ве- гетация кезеңінің соңында өсімдік кенеттен солып, жапырақтары салбырап, түсін өзгертпей қурап, бірақ түспейді. Бұл кеселдің барлық түрлерінде сабақ сүрегі қоңырланады (кесіндісінде жақсы көрінеді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет