Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Күнбағыс аурулары Саңырауқұлақ аурулары



бет163/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Күнбағыс аурулары Саңырауқұлақ аурулары


Жалған ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Plasmopara helianthi Novot. f.helianthi Novot. саңырауқұлағы (97-сурет). Тарамдалған жуан жіпшумақ клетка аралығымен таралып, гаусторийлар арқы- лы қоректенеді. Леп саңлауынан тармақталған зооспорангий тасу- шылар шығып, олардың ұшында көлемі 17-40 х 15-22 мкм, пішіні жұмыртқа тəрізді зооспорангийлер (конидиялар) түзіледі.


97-сурет. Жалған ақ ұнтақ

Зооспорангийлер бір-екі сағат ішінде өнеді, бірақ 2°С төмен 26°С жоғары температурада олар тіршілік қабілетін жояды. Зооспо- ралар қозғалу қабілетін бірнеше сағат сақтап, кейін талшықтарын жойып, жуан жіпшеге өніп, өсімдікке енеді. Аурудың дамуына су тамшысы жəне 15-18°С температура қолайлы жағдай туғызады.


Тамыр, жапырақ, сабақ ұлпаларында вегетация кезінде ооспо- ралар түзіледі. Олардың пішіні шар тəрізді, қалың, тығыз, түсі сар- ғыш қабығы болады. Ооспоралар өсімдік қалдықтарында, топы- рақта жеті жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ тұқымға еніп жіпше түрінде де сақталады.
Кеселдің алғашқы белгісі өсімдіктің екінші қос немесе кейін- гі жапырақтары шыққанда біліне бастайды. Дамуына байланысты ауру 5 түрге бөлінеді.
Бірінші түрі – өсімдіктің өсуі күрт саябырлап, сабақтары жі- ңішкеріп, биіктігі 15-30 см болып, тамыр жүйесі нашар дамып, майда хлорозды жапырақтар орта (негізгі) жүйкесі бойымен шира-
тылады. Жапырақтың астыңғы жағында ақшыл, кейін сұрланатын өңез пайда болады. Ауру шалдыққан өсімдіктер гүлдемей қурайды. Екінші түрі – өсімдіктің өсуі саябырлап, сабағының биіктігі 50- 100 см болып, жуандап, буынаралығы нашар дамиды. Ауру өсім- діктің тұқымдары майда, əлжуаз болады. Жапырақтары қыртыста-
нып, үстіңгі бетінде бұрышты дақтар, ал астында ақ өңез түзіледі. Үшінші түрі – жақсы өсіп дамыған өсімдікте білінеді. Жапы-
рақтың үстіңгі бетінде ірі, бұрышты, майлы, ақшыл-жасыл дақтар түзіліп, ал астыңғы жағында өңез пайда болады.
Төртінші түрі – ауру белгісі сырттай байқалмайды. Қоздырғыш өсімдіктің жер асты бөлігін залалдап, жер бетіндегі бөліктеріне таралмауы да мүмкін. Егер жіпшумақ сабақтың төменгі жер үсті бөлігіне (25-30 см) енсе, онда сабақ ашық-жасыл, ал өзегінің сырты- на қарай орналасқан клеткалары ашық-қоңыр түсті болады.
Бесінші түрі – өсуі тежелген, бірақ себеті дамыған өсімдіктерде кездеседі. Саңырауқұлақ себетке еніп, тұқым ұрығын залалдап, дəн қабығы бос қалады. Кеселдің бірінші, екінші түрлерінің белгілері өскін кезінде алғаш залалданған өсімдіктерде білініп, жіпшумақ диффузды таралады. Үшінші, бесінші түрлері өсімдік қайта залал- данғанда білініп, жіпшумақ жергілікті болады, ал төртінші түрі
– тұқым инфекциясы мен егістікте қайта залалданып дамиды. Ке- селдің жоғарыда аталған түрлері өсімдік сортының ерекшелігіне жəне ауруға төзімділігіне байланысты болады.
Ақ шірік. Ауру қоздырғышы – Sclerotinia sclerotiorum dBy. саңырауқұлағы (98-сурет). Бұл саңырауқұлақ əртүрлі тұқымдас- тағы өсімдіктерді – темекі, жүгері, қызылша, сəбіз жəне т.б. залал- дайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет