Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз



бет171/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз. Ауру қоздырғышы
– Peronospora tabacina Adam саңырауқұлағы. Оның бір клеткалы жіпшумағы клетка аралығымен таралып, залалданған ұлпада ко- нидиялы спора тасушылардан тұратын өңез түзеді. Конидия тасу- шылар дихотомиялы тармақталған, түссіз. Конидиялар эллипс, жұмыртқа немесе домалақ пішінді көлемі 14-28 х 11-21 мкм. Ве- гетация кезінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, бірнеше ұрпақ береді.
Жынысты көбеюде саңырауқұлақ домалақ, түсі сарғыш немесе қызыл-қоңыр, қабығы бұдырлы қыстайтын ооспора түзеді. Өсім- діктің залалдануына жəне аурудың дамуына 16-200С температура, 100% ауа ылғалдылығы, жиі жаңбыр, мол шық, тұман қолайлы жағдай тұғызады. Ауру қоры өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақ- талатын ооспора мен жіпшумақ.
Көшеттің тұқым жарнағы мен негізгі жапырақтарында сары- жасыл түсті, кейін күңгірттенетін, майлы дақ астында конидиялы спора тасушылардан тұратын күлгін-сұр өңез түзіледі. Залалданған өсімдік тез солып, шіриді. Өсімдікті жылыжайларда жəне егістікте залалдайды.
Егістікте жапырақ, сабақ, сағақ, тұқым қауашығы жəне тұқым залалданады. Ауруға алғаш төменгі жапырақтары, кейін орта жəне жоғарғылары шалдығады. Кеселдің белгісі жапырақта хлорозды дақтар мен оның астында ылғалды ауа райында мол, көкшіл сұр өңез түзілумен білінеді. Өңез кеуіп сұрланады. Диаметрі 1-2,5 см дақтар көбінесе дөңгелек пішінді жүйке аралығында орналасады.
Қоздырғыш ауру өсімдікте диффузды таралуы да мүмкін. Бұл жағдайда сағақта, сабақта жаралар немесе жолақ түрінде басылған қоңыр дақтар пайда болады. Дақтар сабақты түгел орап дамыған- да, ол сынады. Залалданған гүлсидамдар жіңішкеріп, күңгірттеніп, кеуіп, қауашақта түзілген тұқым əлжуазданып, жетілмейді. Ауру- дың диффузды түрінде өсімдіктің бойы өспей, буынаралықтары қысқарады.
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Erysiphe cichoracearum DC. f.nicotianae Jacz. саңырауқұлағы. Оның жіпшумағы көп клетка- лы, түссіз. Конидия тасушылары қарапайым, конидиялары эллипс тəрізді, көлемі 32-44 х 14-20 мкм, тізбектеліп түзіледі.
Вегетация кезінде саңырауқұлақ конидияларымен көбейеді. Клейстотецийлер сирек түзіледі. Ауру 18-230С температурада 60- 75% ауа ылғалдылығында жақсы дамиды. Ақ ұнтақ ылғалы мол ойпаң учаскелерде жəне шамадан тыс жиі егістіктерде жақсы да- миды. Инфекция қоры – залалданған өсімдік қалдықтары.
Бұл аурумен өсімдік негізінде егістікте залалданады. Аурудың белгісі алғаш темекі өсімдігінің төменгі жапырақтарында білініп, кейін жоғарғыларына таралады. Жапырақтың үстіңгі бетінде жеке дақ түрінде ақ ұнтақты өңез түзіледі де, тез ұлғайып, оны түгел қамтиды. Залалданған жапырақ түсі қоңырланып кеуіп, сынғыш келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет