Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Пероноспора қатары (Peronosporales)



бет34/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Пероноспора қатары (Peronosporales)


Бұл қатардағы саңырауқұлақтардың көпшілігі өсімдік ауруы- ның қоздырғыштары, ал аздаған тобы – сапрофиттер. Жынысты споралары – ооспоралар, ал жыныссызы конидия мен зооспора- лар. Қатардың үш тұқымдасы бар: питий, пероноспора, альбуго. Олар спорангийлер мен споралардың өну əдісі, паразиттік дəрежесі бойынша бір-бірінен ажыратылады.


Питий тұқымдасы – Pythiaceae. Бұл тұқымдасқа жататын саңы- рауқұлақтар – сапрофиттер. Олардың жіпшумағы жақсы бұтақта- лып, тез өседі, түсі ақ, үстінде əртүрлі зооспорангийлер түзіліп, ұшында көпіршігі бар жіпшеге немесе өскінге өнеді. Зооспоран- гийдің протоплазмасы көпіршіктерге көшіп, 100-ден аса зооспора құрады. Зооспоралар босағанда, суланып, домалақтанады да жеміс түтігіне өнеді. Жеміс түтігі өсімдік ұлпасына еніп, оны залалдайды. Кейде жеміс түтігі тағы да көпіршік құрып, екінші реттегі зооспо- ралар түзіледі (16-сурет). Жіпшумақтан оогоний мен антеридий да- муы мүмкін, олар қосылып қалың қабықты зигота-ооспора түзеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет