18-сурет. Plasmopara
Plasmopara туысының конидия тасушылары моноподиалды бұ- тақтанып, бірінші жəне екінші реттегі бұтақтар негізгі бұтақтан тік бұрышты бөлінеді (18-сурет). Екінші реттегі бұтақтарының ұшында лимон тəрізді конидиялар түзіліп, олар өсімдікті залалдай- ды. Саңырауқұлақта кейде зооспоралар да түзіледі. Температура
мен ылғалдылыққа байланысты инкубациялық кезең 5-18 күнге дейін созылады. P.viticola – жүзімнің милдью ауруын қоздырады. Саңырауқұлақ жүзім жапырақтарын, өркендерін, мұртшаларын, же- містерін залалдап көп зиян келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |